Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары


Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар



бет7/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû ?àçà? ò³ë³ äûáûñòàðû, ò?ðëåð³, æàñàëóû. Äûáûñ

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар 
Қазіргі қазақ тіліндегі мынандай қосымшалардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.
1)Көмектес септік жалғауы: дon-пен, өзен-мен т.б.2) -хана, -стақ -кент, -күнем: дәрі-хана, Пәкі-стан, Шым-кент, пайда-кунем т.б.3) -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -ғой, -гөй, -кеш, -yap: калам-гер, пәле-қор, өнер-паз, кәсіп-қой, кіре-кеш, бата-гөй, қазақ-уар, сөз-уар т.б.
4) -ов, -ев, -ик Сейсенбеков-тің, Алмабаев-тың т.б. Мүнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады.
5) Қазак тілінде баска тілден енген сөз алдынан қосылатын бей-, би- қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды: бей-берекет, бей-бастық, бей-бақ, бей-шара (би-шара), бей-тарап т.б.
Дыбыс үндестігі. Ауызекі сөйлеу кезінде дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ыңғайласа айтылады. Мысалы: жанбады - жамбады, жанған - жаңған. Айтылуда б дыбысының әсерінен (б айтылуы жағынан ерін дыбысы) н дыбысы еріндік м дыбысына өзгерсе, екінші мысалда ғ тіл арты дыбысын тіл алды дыбысын тіл арты дыбысына ауыстырып тұр.
Дауыссыз дыбыстардың бір – біріне әсер етіп, үйлесе, үндесе айтылуы дыбыс үндестігі деп аталады.Дыбыс үндестігін «ықпал» деп атайды. Ықпалдың қазақ тілінде үш түрі бар.
1) Ілгерінді ықпал-қатар келган екі дыбыстың алдыңғысының соңғысына әсер етуі. Мысалы: Қарагөз – Қаракөз.2) Кейінді ықпал – қатар келаган екі дыбыстың соңғысының өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етуі. Мысалы: аяқ – аяғы, төк – төге.
3) Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір – біріне ілгерінді – кейінді ықпал етіп өзгеріске ұшырауы. Мысалы
Жазылуы Айтылуы 
Досжан Дошшан 
Есжан Ешшан 
Дауыссыз дыбыстар
Айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады. Сөйтіп, дауыссыз дыбыстарда дауыс болмайды, олар үн мен салдырдан немесе тек салдырдан тұрады. Қазақ тілінде 36 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
Дауысты дыбыстан кейін айтылғанда, у дыбысы дауыссыз болып келеді: бауыр, ауыр, жауын, әуре т. б. Дауысты дыбыстар буын кұрайды да, дауыссыз дыбыстар өз беттерімен буын құрай алмайды. Сондықтан сөзде қанша дауысты болса, сонша буын болады. Берілген сөздер буынға былай бөлінеді: ба-уыр, а-уыр, жа-уын, әу-ре. Бұл| сөздердегі у буын кұрай алмай тұр. Дауыссыз дыбыстар үш жақты жіктеледі.
1. Дауыс (үн) қатысына карай дауыссыздар қатан, ұяң және үнді (сонор) болып үшке бөлінеді. Үнді дауыссыздар ауыз жолды (р, л, й, у) және мұрын жолды (м, н, ң) болып та бөлінеді. Қатаң дауыссыздар: п, ф, с, ш, к, қ, т, ч, щ, ц, х. Қатаң дауыссыздарда ешбір үн болмайды тек салдырдан тұрады.
Ұяң дауыссыз: б, в, г, ғ, д, ж, з. Ұяң дауыссыздарда үн аз болады да, салдыр басым болады. Үнді (сонор) дауыссыздар: р, л, й, у (ауыз жолды, және м, н, ң (мұрын жолды). Үнді дауыстыларда үн басым болса да, салдыр аз болып келеді.
Дауыссыз дыбыстардың дауыс (үн) қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып жіктелуі дыбыс жүйесіндегі дыбыс үндестігі (ассимиляция) деп аталатын, көрші дыбыстардың бір-біріне әсер ететін ықпал заңына негіз болады.
2. Айтылуына (жасалу тәсіліне) карай дауыссыздар шұғыл және ызың болып екіге бөлінеді.
Шүғыл дауыссыздар: б, п, д, т, ц, г, к, қ, ч.
Ызық дауыссыздар: в,ф, з, с, ж, ш, щ, ғ, х, һ.
3.Жасалу орнына (дыбыстау мүшелерінің қатысына) қарай дауыссыздар төмендегіше жіктеледі:
Ерін дауыссыздары: б, п, м, у.
Тіс пен ерін дауыссыздары: в, ф.
Тіс дауыссыздары: з, с, д, ж, л, ц.
Тіл алды дауыссыздары: ж, ш, щ, ч, н, р, л, й.
Тіл ортасы дауыссыздары: к, г.
Тіл арты дауыссыздары: қ, ғ, ң, х.
Көмей дауыссызы: һ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет