Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет74/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû ?àçà? ò³ë³ äûáûñòàðû, ò?ðëåð³, æàñàëóû. Äûáûñ

Сөз тіркесінің түр-түрі
Cөз тіркесін кейбір авторлар сөйлем мүшелерінің ыңғайында топтастырады. Олар тіркескен сөздердің өзара мүшелік қарым-қатынасына қарай сөз тіркесін «предикативті және предикативті емес» деп екіге бөледі де, соңғыдан толықтауыштық, анықтауыштық, пысықтауыштық сөз тіркестерін шығарады. Бұлай топтастыру сөздердің өзара тіркесу ерекшеліктеріне негізделмей сөйлем мүшелерінің өзара тіркесіне негізделгендік болады. Сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерінің жігі бір емес. Мысалы, кен байлығы, мал дәрігері, қос ауыз, қазан пышақ деген сөз тіркестері сөйлемде бір-бір күрделі мүше болып жұмсалуы мүмкін. Сондықтан ол топтастыруды қанағаттанарлық деп айтуға болмайды.
Сөз тіркестерін топтастыру принциптерін дұрыс белгілеу үшін сөз тіркесінің зерттеу объектілері нелер екенін, оның басты-басты ерекшеліктерінің нелер екенін ашу керек.
Сөз тіркесі синтаксисінің негізгі объектісі - сөйлем мүшесі емес, сөз. Сөздердің өзара тіркесуі – олардың грамматикалық қасиетігінің бірі. Сөз тіркесінің синтаксисінде жеке сөз таптарының, олардың бөлшектерінің басқа сөздермен және өзара тіркесу қабілеті, байланысу тәсілдері, сөздердің сөз тіркесін құраудағы қызметі қарастырылады.
Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердің өзара тіркесу қабілетіне қарай есімді және етістікті болып екі салаға бөлінеді. Есімді сөз тіркесінде есім сөздердің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сыңар болады.
Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр-тұрпаты әр түрлі болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын және сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын синтаксистік тірек – сөздердің байланысу формалары. Есімді және етістікті сөз тіркестері сол байланысу формаларына қарай өзара бірнеше топқа бөлінеді.
Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Етістікті сөз тіркестері қабыса және меңгеріле байланысады (соңғысы шылаулы, шылаусыз болуы мүмкін).
15.
Практикалық сабақ:Сөйлем мүшелері
Жоспары:
1.Сөйлемнің құрамы туралы түсінік
2.Сөйлем мүшесі болуының шарттары.
3.Сөйлем мүшесінің қызметіне және құрамына қарай түрлері
4.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің өздеріне тән басты белгілері
5.Бастауыш, бастауыштың жасалуы.
Тіл — қарым-қатынас жасаудын құралы да, сөйлем — сол қарым-қатынас жасауда кісінің ойын айтудын негізгі формасы. Кісінің ойы әр алуан, әр қилы болатындықтан, соларды айту үшін жұмсалатын сөйлемдер, олардың құрамы да түрлі-түрлі болады. Қейде бір сөз бір сөйлем қызметінде жұмсалса (Түн.Аттан! Масқара!Көрдің бе?— Көрдім.Көріне ме?Жоқ.), кейде екі не одан да көп сөздерді, сөз тіркестерін кұрастыру арқылы сөйлем жасалады.
Сөйлем құрамындағы сөздің саны аз болуы, көп болуы ой ерекшелігімен, стиль ерекшелігімен байланысты. Сөйлем құрамындағы сөздер өзара тіркесу арқылы белгілі қызметте жұмсалады, басқаша айтқанда, сөйлемдегі бір сөздің сөйлем мүшесі болуына сонымен тіркескен басқа сөз себепкер болады. Мысалы, бастауышты баяндауышпен байланысына қарап (және керісінше), анықтауышты анықталатын сөзіне қатысына қарап сөйлем мүшесі деп танимыз.
Сөйтіп, көп құрамды сөйлемдерді бөлшектегенде, олардын, ішіндегі сөздердің лексикалық мағыналарына қарамай, лексикалық мағыналары толық сөздердің тіркесу нәтижесінде пайда болған грамматикалық мағыналарға қараймыз. Ол мағыналар: бастауыш-баяндауыштық, толықтауыштық, анықтауыштық және пысықтауыштық болады.
Сөйлемде осылардай грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.
Жай сөйлемдер құрамдық ерекшеліктеріне сәйкес жалаң және жайылма болып бөлінеді.
Жалаң сөйлем бастауыш пен баяндауыштан немесе оның бірінен құралады.
Ал сөйлем құрамында бастауыш, баяндауыштан баска тұрлаусыз мүшелер не олардың бірі болса, сөйлемнің іргесі кеңіп, ол жайылмаға айналады. Мысалы, жел өршелене түсті — жалаң. Ызғарлы жел өршелене түсті — жайылма. Толқын күшейді — жалаң. Теңіздің толқыны кешке таман күшейді — жайылма.
Жайылма сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелер не бастауыштың, не баяндауыштың (кейде екеуінің де) маңына топталады:
1. Ызғарлы жел өршелене түсті.
2. Өзің көтермейтін сөзді басқаға айтпа.
3. Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды. (Мақал.)
4. Теңіздің толқыны кеменің бүйіріне соғады,
5. ...екі әйел Ертіс шетіндегі... көп қайықтың бір бүтіндеуіне отырып Аралға тартты. (Ж. Аймаутов)
Сөйлем құруға негіз болатын бас мүшелер — т ұ р л а у л ы м ү ш е л е р —сөйлем атаулының грамматикалық ұйытқысы. Ал тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы мүшелердің маңына топтанып не тікелей соларды, не бірін-бірі анықтап, толықтап, пысықтап тұрады. Мысалы: Шығысқа қарай беттеген үлкен кеме толқынды теңізді тіліп келеді.
Бұл сөйлемнің бастауышы — кеме, баяндауышы —тіліп келеді. Олардан басқа мүшелер сол екеуінің маңына топтанып, екі шумақ құралған да, әр шумақтағы сөздер біріне-бірі бағынып барып, не тікелей - бастауышқа, не баяндауышқа бағынған.
Тұрлаусыз мүшелер —толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып үшке бөлінеді.
Сөйлем мүшелерінің құрамы дара, күрделі, үйірлі болады. Мысалы: Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ел көгерер (Дара мүшелі). Ырыс алды-ынтымақ (Күрделі бастауышты). Жері байдың елі бай (Үйірлі анықтауышты).
Сөйлемнің мүшелері өзара синтаксистік байланыста айтылады. Сөйлем мүшелеріне сұрақтар қою арқылы талдау жасағанда, олардың дәл байланыс желісі үзілмегені мақұл. Мысалы, Көл жағалай қонады қу менен қаз (Абай) деген сөйлемнің мүшелерін ажыратып тану жинақталып, сөйлемдегі оқшау сөздер деп аталады.
Сөйлемнің қүрамында әр алуан сөз жинақталып, сөйлемдегі оқшау сөздер деп аталады. Оқшау сөздер сөйлеммен не сөйлем мүшелерімен тек мағыналық байланыста айтылады да, олармен синтаксистік - байланыста болмайды. Сондықтан оларды сөйлем мүшелері деп танымаймыз. Сөйлемнің қүрамында әр алуан сөздер болады. Олардың көпшілігі өзара мағыналық, синтаксистік байланыста айтылу арқылы мүшелік қызметке ие болады. Сөйлем құрамының негізі - бастауыш пен баяндауыш, болғанмен сөйлем құрамында баяндауыштың синтаксистік қызметі басым.
Сөйтіп, мағыналық, синтаксистік қарым-қатынасы дербес синтаксистік қызмет атқаратын сөздерді, күрделі сөздер тобын сөйлем мүшесі дейміз.
Сөйлемнің турлаулы мүшелері
Дүкенде Қарабайға жәрдемдесетін адам жоқ. Көрікті де оның өзі басады, темірді де өзі Қыздырады, істі де өзі соғады. (С. Мұқанов.) Бұл сөйлемдерде әр сөз керегіне қарай өз орнында, синтаксистік қызметте жұмсалған. Сондықтан оларда айтылған ойға қатысы жок сөз де жоқ. Солардың басын құрастырып, әр сөйлемде айтылған ойға әрбір мүшені ортақ етіп тұрған бас мүшелер — бастауыш пен баяндауыштар: адам жоқ, өзі басады, өзі қыздырады, өзі соғады. Бұлар сөйлем құрамының діңгегі, айтылған ойлардың негізгі қаңқасы. Басқа мүшелер солармен бір тұтас құрамда айтылғандықтан ұтымды да, оларсыз шала-жансар, сөйлемдік қасиеті жоқ сөздер тізбегі ғана. Ал бастауыш пен баяндауыштар топтары бөлек алғанда да әрі сөйлем, әрі маңдарында басқа да мүшелердің болуын тілейтіндей әрі тіректі тіркес.
Осындай, сөйлем құрауға негіз болатын, өзара предикаттық қатынаста жұмсалатын сөйлем мүшелерін—тұрлаулы (бас) мүшелер - дейміз.
Тұрлаулы мүшелердің синтаксистік қызметі бірдей емес. Әдетте бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, ол баяндауыш арқылы айтылған қимылдын, не басқа сананың субъектісі (иесі) болады.
Баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін және басқа заттық, сындық сапасын білдіріп, бастауышқа бағынады. Бұл жағынан тұрлаулы мүшелердің ең негізгісі — бастауыш, бірақ сөйлемдегі қызметі жағынан бастауыштан гөрі баяндауыштық синтаксистік қызметі анағұрлым басым болатыны белгілі. Оны мыналардан байқаймыз: Баяндауыш сөйлем арқылы айтылған ойды тиянақтап, көптеген сөздерді ілестіріп барып, сөйлемді аяқтап тұрады. Бұл жағынан ол — сөйлемнің ең негізгі ұйымдастырушы мүшесі.
БАСТАУЫШ
Бастауыштың жасалуы
Бастауыштың мағынасы баяндауыштық морфологиялық құрамындағы тұлғалар арқылы белгілі болып дербес тұра береді. Ондайда бастауыш сөйлем ішінде арнайы айтылмай, сөйлем толымсыз болуы да мүмкін. Ал баяндауышсыз толымсыз сөйлемдер өте сирек кездеседі. Әсіресе диалогта, мақал-мәтелде («қой баласы — қозыдан» сияқты) баяндауыштың «түсіп қалуы» «ықшамдылықпен» байланысты.
Осындай, баяндауыштың синтаксистік қызметі бастауыштан басым болғанына қарап, баяндауышты ғана бас мүше деп қарау дұрыс болмайды. Шынында, ол екеуі де — сөйлем құрауға ұйытқы болатын, басқа мүшелерді айналасына үйіріп тұратын, сөйлемнің діңгекті орталығы — бас мүшелер.
Бастауыштың грамматикалық тұлғасы — сөздің атау тұлғасы. Басқаша айтқанда, бастауыш қызметінде жұмсалған сөз не сез тіркесі атау септігінде тұрады.
Бастауыштарға қойылатын негізгі сұрақтар к і м?, н е? Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің көптік, тәуелдік жалғауларда жұмсалуына қарай жоғарғы сұрақтар да сол жалғауларда айтылуы мүмкін. Бұл сұрақтар сөйлемде бастауыш болар деген сөздерге жалаң күйінде қойылмайды, баяндауыштармен қабаттаса қойылады. Мысалы: Ажар баяндама жасады (К і м баяндама ж а с а д ы? — Ажар) (Айту оңай, істеу қиын (Не оңай?—Айту... не қ и ын?— Істеу.,.). Еріншектің ертеңі бітпес) (Н е с і б і т п е с?—Ертеңі...)
Баяндауыштардың негізгі түрлері. Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. Дегенмен көбінесе баяндауыштық қызметте жұмсалатын сөздерді жіктегенде, олар мынадай басты-басты негізгі екі салаға бөлінеді: 1. Етістік б а я н д а у ы ш т а р: 2. Есім баяндауыштар. Етістік баяндауыштар да, есім баяндауыштар дара, күрделі және ол екі түрі аралас айтылған қ ұ р а м а болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет