Мұғалімнің аты-жөні:
|
|
Пән/Сынып:2В
|
Дүниетану
|
Күні
|
2.12.2022ж
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
Менің туған өлкем
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қазақстан- менің Отаным
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты
|
2.1.5.2 Қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңыздылығын түсіндіру
|
Оқу мақсаты:
|
Барлық оқушылар: қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңыздылығын әңгімелейді.
Көптеген оқушылар: өзінің міндеттері мен жауапкершіліктерін талдайды.
Кейбір оқушылар: қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңыздылығын дәлелдеп, қорытынды жасайды.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
3минут
|
Басы
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін патриоттық «Көк тудың желбірегені» әнін тыңдау.
Оқу материалын жариялау:
«Мюссенберг» әдісі.
Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар.
ралиащнОтанывыыкеаннушәүшінпгвпвуаянбатжщпдпщ
-Қандай сөздер шықты?
-Отан деген не?
-Табиғат пен адамды Отан деп атауға бола ма?
-Өз Отаның туралы не білесің?
- Өзіңнің елін сүйетін адамды кім деп атайды?
-Отан үшін неліктен аянбау керек деп ойлайсың?
- Ендеше бүгінгі сабақта не туралы білетін боламыз?
|
Әнге қосылады.
Сөзді тауып, тақырыпты ашады. (Отан үшін аянба)
|
Мадақтау
|
|
35
минут
|
Ортасы
|
(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі арқылы жүзеге асады.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
-Суреттегі адамдардың қоғамдағы істері жайлы не білесің?
-Сендер ерікті жастар жайлы не білесіңдер?
-Олардың қатарына қандай адамдар жатады?
-қоғамға қызмет ету қандай нәтиже береді?
Саралау тәсілі: «Тапсырма» әдісі арқылы жүргізіледі.
Кейбір оқушыға:
-Адамға Отанға адалдық не үшін қажет деп ойлайсың?
Сергіту сәті:
Біз Отанның гүліміз,
Туған жердің нұрымыз.
Тәуелсіз біздің еліміз,
Қазақстан бай жеріміз.
(Д) 2- тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асады.
Қоғамға қызмет етуді неден бастайтыныңды жаз.
-Отан туралы мақал-мәтелдер жаз.
|
Отан, ерікті жастар туралы әңгімелейді.
Мысалдар келтіреді.
Дескриптор:
-Отан, ерікті жастар туралы әңгімелейді.
Мысалдар келтіреді.
Өлеңді дауыстап айтады.
Қоғамға қызмет етуді неден бастайтынын жазады.
Отан туралы мақал-мәтелдер жазады.
Дескриптор:
- Қоғамға қызмет етуді неден бастайтынын жазады.
- Отан туралы мақал-мәтелдер жазады.
|
ҚБ: 1-10 балдық жүйе.
ҚБ: 1-10 балдық жүйе.
|
|
2минут
|
Кері байланыс
|
Кері байланыс: «Қол белгісі» әдісі бойынша өтеді.
Бас бармақ- өзімді қалай сезіндім?
Балан үйрек- басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек- бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек- бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек- бүгін не үйрендім?
|
Тапсырма бойынша ой қорытып, өз іс-әрекеттерін айтады, сабаққа рефлексия жасайды.
|
|
|