Т. Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия Мұғалімнің аты-жөні



Дата10.02.2023
өлшемі21,41 Kb.
#66703
түріСабақ

Мектеп

Т. Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

9 «А»

9 «Ә»

9 «Б»

9 «В»

9 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

4-бөлім. Қазақтың ұлттық және халық ойындары

Сабақ тақырыбы

Зияткерлік ойындар

Оқу мақсаттары

9.2.6.6 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін бағалау және талдай білу;

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Білім алушылар жарыс іс-әрекеттерін түсінеді, төрешілік ету ережелерін айтады.
Көбі: Білім алушылар жарыс іс-әрекеттерін түсінеді, ережелерін біледі, төрешілік ету әдістерін айтады, бағалайды.
Кейбірі: Білім алушылар жарыс іс-әрекеттерін түсінеді, ережелерін біледі, төрешілік ету әдістерін айтады, бағалай біледі ойындарда төрелік етеді және талдайды.

Бағалау критерийі

Жарыс кезіндегі әрекеттерге төрелік жасайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Қазақтың ұлттық және халық ойындары туралы білімдерін талқылайды және көрсетеді. Ойындар жеке және командалық тұрғыдан физикалық дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.
Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды:
- халықтық, зияткерлік ойындар
- стратегия, тактика, жүріс
- тоғызқұмалақ (құмалақ, тұздық, отау, атсырау, қазандық), шахмат
- рөлдер, ойыншы, төреші
- сипактакрау, жүргізуші, ротангалық доп
- жүгіріс, санақ. шиыршық, мүсін
- қауіпсіздік ережесі, қауіп-қатер
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Осы ойында сіз қандай амал-тәсілдерді қолданасыз?
- Осы ойынды ойнаған кезде, сізде патриоттық сезім пайда болды ма?
- Ойнаған ойыныңыз сіздің әлеуметтік дағдыларыңызды өсіруге әсер етті ме?
- Сіз басқа халықтардың қандай зияткерлік ойындарын білесіз?
- Сіздің командаңыздағы ойыншылар өз тәжірибесімен бөлісті ме және оны қалай бағалайсыз?
- Жарыс іс-әрекетінде төрешілікті қалай бағалайсыз?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.
Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.
Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.
Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.
Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.
Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындарын ережеге сай ойнайды.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың басы
10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

http://www.9kumalak.com/index.php/ereje
http://en.wikipedia.org/wiki/Toguz_korgool
https://www.youtube.com/watch?v=Ery51mKqHtE
https://skyruk.livejournal.com/406732.html
https://massaget.kz/layfstayl/sport/bul_kyzyk/20167/
http://www.worldchess.kz/en/page/show/chess-in-kazakhstan
http://www.chessforall.net/training/ChessForAllTeachersWorksheets.PDF

Сабақтың ортасы
25 минут

(Ж, Т) Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы-2 қазан, 18 отау, 162-құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны-бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны-қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін-ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз. Тақтаның жалпы құрылысы төмендегідей: Бұл жерде - №1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9 - отаулар Жүріс жасау ерекшеліктері: Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады. 1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3-құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды. Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №7 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады. 2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады. 3.Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.
Тұздық алу ережесі: Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде-“тұзды үй”, қазіргі тілде-тұздық деп атайды. 4.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек. Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады. Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады. «Атсырау» ережесі: Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі. 7.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы-атсырау деп аталады. 8.Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы: Ойынның есебін жүргізеді. Есеп 88-74, болса бастаушы 88 құмалақ жинаған ұтады. Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса ойын бірден тоқтатылады.

Ойын ережесін білу үшін қосымша оқу ресурстарын қараңыз.
Ойыннан кейін ойынды жақсарту үшін қандай амал тәсілдерді жақсарту керек екенін талқылаңыздар.
Сұраңыз:
Ойын қалай басталады?
Ойын қай кезде аяқталады?
Қандай шабуылдау әрекеттерін қолдануға болады?

(ЖЖ, Тәж, ҚБ) Шағын ғана шахмат тақтасы ойыншылар үшін көптеген айла-тәсілді орындайтын соғыс алаңы. Ойын кезінде егер шахматшы бірінші болып жүретін болса, онда ол ойынды бастау үшін 20 түрлі тәсілді пайдалана алады, ал қарсыласы жауап қайтару үшін 400 түрлі төтеп беру жолдарын қарастырмақ. Сол себептен шахматшылар әр қадамын байыппен орындайды. Ережесі өте қарапайым. Шахматқа тек екі ойыншы қатысады. Содан шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойнатылады. Ойын басталмай тұрып екі қарсыласқа өз иеліктеріне Әрқайсысына қарама-қарсы түстес он алты ақ немесе қара тас бөлініп беріледі. Тастарды жеке жіктеп қарастыратын болсақ: бір патша (♔,♚), бір уәзір (♕,♛), екі тура (♖,♜), екі піл (♗,♝), екі ат (♘, ♞) және сегіз пешка (♙,♟). Ойынның басты мақсаты қарсыласының тастарын шақ келтірмей, патшаға мат қою.

Барлық ережені білу үшін барлық нұсқамаларды көріп шығу қажет. Ойын соңында ойнаған әдіс-тәсілдерді сыныппен бірге талқылап шығыңыздар? Жұптардың қалай жұмыс істегенін және жұптардың әлеуметтік дағдыларын қалай бағалағандарын шолу жасаңыз? Сұраңыз: шахмат зияткер ойынында төрешілік қалай өтеді? Ойында қандай амал- тәсілдерді білдіңіз және меңгердіңіз?

Сабақтың соңы
5 минут

Сабақты қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия
-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға
Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?
_____________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет