Сабақтың тақырыбы Қазақстан қалалары



бет31/167
Дата29.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#60169
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   167
Байланысты:
4 кл.ҚМЖ

Сабақтың тақырыбы

Шекарашы (1-тоқсан.1-бөлім.)
15-сабақ

Дағды

Оқылым және грамматика

Оқыту мақсаттары

4.2.2.1.берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру.
4.3.1.1.мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/ белгі қойып оқу.
4.3.2.1.оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу.
4.2.6.1.айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту.

Тілдік міндеттер

шекара, шекарашы, күзет, Отан

Алдыңғы білім

Менің отбасым

Сабақтың барысы

С.кезең.і

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Тапсырма сабаққа кіріспе ретінде оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған. Тапсырманы бүкіл сынып орындайды. Мұғалім интерактивті тақтадан оқушыларға Қазақстан Республикасының картасы шекарасын қызыл түспен белгіленген (шекара екенін анықтау мақсатында) көрсетеді және шекара күзетуші солдаттың да суретін көрсетуге болады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды. Балалар, сендер не және кімді көріп тұрсыңдар? Оқушылар өз білгендері бойынша мұғалімнің сұрағына жауап береді. «Ойлан» айдарындағы тапсырмада оқушылар суреттерді сөздермен сәйкестендіреді. Жолдорба, мылтық, дүрбі және иттің суреті көрсетіледі. Оқушылар бұрынғы білімдерін қолдана отырып, суретті сөзбен сәйкестендіреді. Кейбір сөздерді сәйкестендіре алмаса, мұғалім көмектеседі.
«Анықта» тапсырмасын орындауда мұғалім оқушыларға мұғалімнің, дәрігердің, ұшқыштың, шекарашының суретін көрсетеді де оқушылардан сұрайды: алдындағы көрсеткен суреттердегі заттар осы суреттердің қайсысына сәйкес? (оқушылар жауап береді) Мұғалім оқушыларға «Қалай ойлайсыңдар, балалар, бұл суреттің барлығын не үшін көрсеттім? Бұл қандай тақырыппен байланысты деп ойлайсыңдар?»,- деп жетелеу сұрақтарын қояды. Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды. Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырады.
«Жаңа сөз үйрен» айдарында мұғалім оқушыларды жаңа сөздердің мағынасымен таныстырады. Оқушыларға жаңа сөздерді таныстырады.
Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Сөздерді жеке емес, олардың қызметі мен мағынасы сөйлеуде және сөйлемде анық көрінетіндей мысалдар келтіреді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, ыңғайына қарай жаңа сөздерді көбірек қосып отыруларына дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет