Сабақтың тақырыбы
|
«Тәуелсіздік жетістіктері»
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке 30 жылда қалай жеткендігі жолдарын баяндау. Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезең
/уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының
әркеті
|
Ресурстар
|
01.09
|
1\Психологиялық ахуал
- Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар
(сыныпқа келген оқушымен таныстыру)
Алғашқы сабағымыз тақтадағы цифрмен байланысты екенін байқаған боларсыңдар -
30 . қалай ойлайсыңдар?
-Жарайсыңдар
Ой қозғау.
-Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?
-Олай болса біздің Отанымыз Қазақстан қандай ел?
Еркін , егеменді, бейбітшілік , тәуелсіз ,татулық , достық, бай,
Білім мен ғылым, дамыған , мәдениетті, көпұлтты, т.б
Қызығушылықты ояту
-Бүгінгі алғашқы сынып сағатымызды бастамас бұрын жұптық жұмыс жасап жіберейік, сөзжұмбақты шешіп алайық
Торкөздерге тәуелсіз елдің белгілерін жазып шығайық
Қызылмен ерекшеленген сөйлемді оқиық
Мағынаны тану
Слайд бойынша
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Тарих еске алып отырғанды ұнатады. Ал біздің тарихымыз құдайға шүкір жетерлік. Тарихтың әлбетте қуанышпен еске алатын тұстары да, өкінішпен қарайтын да кездері де болады. Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік-ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші-ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге
танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды
Ендеше, балалар, бүгінгі сынып сағатымыз тәуелсіздік жетістіктеріне арналмақ. «Тәуелсіздік жетістіктері» атты сынып сағатымыздың мақсаты тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұматтар алу, осы тәуелсіздіктің қадірін білу.
Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің және Семей полигонының жабылуының 30 жылдығымен тұспа –тұс келіп тұр. Тағыда айта кететін жайт қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, қазақтың педагог-ағартушысы, жазушы,
фольклоршы, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Ыбырай Алтынсаринның туғанына 180 жыл, Қазақстанның көрнекті саяси қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы, , Қазақ ақыны әрі жазушысы, аудармашы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған бұқаралық іс-шаралар жоспарланып отыр.
- Онда келесі кезекті Тәуелсіздік жетістіктеріне арналған видеороликті көрейік.
|
Достарыңызбен бөлісу: |