Оқушыларға Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәліметтер беру. Қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекке табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсініктер беру. Семей полигонын жабуға күш салған Н. Ә. Назарбаев, О. Сүлейменов, К. Бозтаев, Х. Матаев, Н. Сабильянов, М. Аймақов сынды қоғам қайраткерлерімен таныстыру, олардың өнегелі өмірлерін үлгі ету.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезең /уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әркеті
Ресурстар
13.09
Бүгінгі «Семей полигоны - тарихтың қасіретті беттері»атты экологиялық кешімізге хош келдіңіздер!
(Интерактивті тақтадан «Детство»күйі ойнап жатады. Әсем күйдің ырғағымен интерактивті тақтадан қазақ елінің көркем табиғаты көрсетіліп жатады)
1949 жылы тамыздың 29 бұл қазақ халқына таңба салған күн болды, әсіресе Семей жұртының жүрегіне жазылмас жара болып жабысқан қаралы сәт. Абай, Мұхтар, Шәкәрімдей ұлттық ақыл- ойдың алыптарын өмірге акелген ұлылар мекені, қазақ руханияты мен мәдениетінің орталығы Семей жері қырық жыл бойы жүргізілген сынақтар салдарынан экология бұзылып , халық адам айтқысыз зардап шекті.Бір сәтте ешкімнің келісімісіз ұлы ақын елі ұлы атом еліне айналды Бұл жойқын жарылыс Абыралының Дегелең тауын тітірете теңселтті. Семей полигоны зардабы қырық жылға созылды .