Өсімдіктер Табиғат туралы мақалдар. 1.Жері байдың елі бай. 2,Туған жердің топырағы да ыстық. 3.Көлдің көркі — бұлақ Таудың көркі –құрақ. 4.Сулы жер-нулы жер. 5.Атаңнан мал қалғанша тал қалсын. 6.Бір тал кессең,он тал ек.
10 оқушы жұптасып, мақалдар айтып, жарысады.
— Мақал — мәтел — сөз мәйегі, тілегі, әр сындарда асыл сөздің тірегі – деп табиғат тақырыбына арналған мақалдар айту жарысын бастаймыз. Әр жұп бір — бірінің мақалын жалғастырады. Мысалы, Дала — көркі мал, /өзен — көркі тал. 10 оқушыдан 6 — уы келесі турға өтеді.
— Біле білген білімдіні зерек дейміз.
Білімімен ел – жұрттан ерек дейміз — деп ендігі кезекте сіздердің тапқырлықтарыңыз, шеберліктеріңізді сынаймыз. Іске сәт! 6 оқушы сынға түсіп, 3 — і дұрыс және тез
шешкені жеңімпаз атанады.
5 бөлім “Балғын дауыс”.
Бұл турда ойыншылар табиғат туралы әндер орындайды.
Өнері өрге жүзер талаптының,