Сабақтың тақырыбы Қазақстан кең байтақ Отаным ! Сабақтың мақсаты



бет35/46
Дата03.05.2023
өлшемі0,68 Mb.
#89419
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46
Байланысты:
472 тәрб сағ жана

6. Ой-толғау . Шығармашылық жұмыс.
а) « Егер табиғатқа тіл бітсе...» 
ә) «Егер мен суретші болсам...» 
б) «Егер мен ақын болсам...» 
7. Мақал-мәтелдер сайысы.
1 ) Нөсер алдында найзағай - ойнайды.
2) Күркіреген бұлттың - жаңбыры аз.
3) Боранды күні - ит пен бала құтырады.
4) Алпыс күнде тасыған су, - Алты күнде қайтар.
5) Жауынмен жер көгереді,- Батамен ел көгереді.
6) Қыстың көзі - қырау.
7) Сәуір болмай, - тәуір болмас.
8) Жел дауылды шақырады,- Бұлт жауынды шақырады.
9) Таумен тасты су бұзар,- Ел арасын қу бұзар.
10 ) Ағаш тамырымен мықты, - Адам дос-жарымен мықты.
8) Жұмбақтар шешу:
Сатайын десем ауыр кілем, 
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)
Таңмен көзін ашады,
Әдемге нұр шашады. (Күн)
Қыста ғана болады,
Ұстасан қолын тоңады. (Қар)

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,


Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)

Сырылдатады шәйнегн,


Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады, 
Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)

Қозғалып жүрер жортақ шам,


Барлығымызға ортақ шам. (Күн)



Хормен
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, 
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. 
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер 
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі! 
 Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа. 
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат, 
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат. 
Ал адамға ауа қымбат бәрінен, 
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат. 
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Өзіміздің Семей қаламызды алып қарасақ, қаланың үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз.Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. 
Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр. Мысалы Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырды. Кейінгі уақытта осы өзен суын көп мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланды. Соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып, ол тартылып қалды. Тартылған су астынан тұзы шығып, кеуіп, ұшып ауа құрамына кіруде. Арал аймағының жағдайы осындай болды Ал Каспий теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне бұл да адам қолымен жасалған қатыгездік. Көп жерлерде ауыз су жеткіліксіз. 
Ойлау керек Арал жайын , ел жайын, 
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын. 
Өзімізді асыраушы табиғаттай –Ананы 
Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын! 


Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді. Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинаса олардың әрбір данасына 360 теңге көлемінде айып төлейді. 



интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер,





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет