Oқушылaрдың көпшiлiгi oрындaй aлaды: мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау, сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану;
Кeйбiр oқушылaр oрындaй aлaды: мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау, өзіндік көзқарас таныту, Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану.
Жоспар
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Cабақтың басы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушылары түгенделеді. Оқушылар назары сабаққа аударылады.
Үйге берілген тапсырманы «Таза тақта» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау. Оқушылар өткен тақырып бойынша тақтаға бірнеше сұрақтар жазып тақтаны толтырады,содан кейін әр сұраққа жауап беріп өшіріп отырады.
Қызығушылықты ояту Өздерің тұратын жерге жақын орналасқан көлдер туралы білетін және білгің келетін мәліметтерді кестеге жазыңдар.
Оқылым алды тапсырма. Мәтінді оқып, ой тұжырымдаңдар.
Дескриптор:
Өздері тұратын жерге жақын орналасқан көлдер туралы білетін ақпаратын жазады;