Сабақтың тақырыбы: Қазақстан-Менің Отаным Мұғалімнің аты-жөні



бет4/4
Дата25.11.2023
өлшемі0,93 Mb.
#125806
түріСабақ
1   2   3   4
Күні : 27-қараша 2018ж
Ашық сабақ дүниетану пәнінен өтті. Ашық сабақтың тақырыбы: Қазақстан – менің Отаным. Мақсаты: Қазақстан картасынан қалаларды, ірі өзен-көлдерді, жолдарды, өз облысын көрсету.
Ашық сабақ шаттық шеңберінен басталды, оқушылар сандықшадан қима қағаздар таңдай отырып төрт топқа бөлінді.
Топтық жұмыс жасай отырып оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашты.
Жаңа сабақ бойынша оқушылар жеке, топтық жұмыстар жасады. Оқулықпен жұмыс та, дәптермен жұмыс та өткізілді. Топ тапсырмасын орындай отырып Қазақстанның картасын құрастырды. Картамен оқушылар әр түрлі жұмыстар жасады, Қазақстанның ежелгі қалалары мен өзен-көлдерімен, таулары мен Каспий өзенімен танысып, олардың орналасу орнын тапты. Туып өскен жерлерін іздеп тапты.
Оқушыларды шаршатып алмау мақсатында сергіту сәті жүргізілді. Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға аудио тыңдатылды, тыңдалған сөйлемдерге «иә» немесе «жоқ» деп қана жауап беру керек болды. Оқушылар барлығына дұрыс жауап берді. Кері байланыста оқушылар қолдарына жалау алып, «Мен Отаныммен мақтанамын, себебі...» деген сөйлемді жалғастырды. Рефлексияда оқушылар сабақтың өте ұнағанын және барлығын түсінгендерін жазды.
Жалпы сабақ мақсатына жетті. Сабаққа қатысқан мұғалімдер де жақсы пікір қалдырды.
Мұғалім: А.А Досмаганбетова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет