Сабақтың тақырыбы и дыбысы мен әрпі



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі23,75 Kb.
#129312
түріСабақ
  1   2   3


Күні: 03..02.23
Сынып: 1 «қ»

Тіл дамыту

Мұғалімнің есімі:




Сабақтың тақырыбы

 И дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Өткен сабақты қайталайды,пысықтайды.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. 
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Әріптерді таниды және ажыратады.

Сөздік жұмыс

Ит, ине , итбалық , тиін, шие.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. 

АКТ қолдану дағдылары

слайд, көрнекіліктер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
(10 мин)

I. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Сәлеметсіз бе, апай!
Бүгін сабақта
Көзбен көреміз,
Құлақпен естиміз,
Зейінді боламыз, 
Сабақты бастаймыз.
Сабағымызды көз жаттығуын жасаумен жалғастырайық.
а) Жоғары-төмен, есікке-терезеге қараймыз.
б) Көзімізді жұмамыз, ашамыз, жыпылықтатамыз.
в) Қолымызбен дүрбі жасаймыз, оң және сол қолмен кезектесіп жасаймыз.
Психологиялық дайындық. Бағалау әдісін түсіндіру.
ІІ. «Үйшіктегі сұрақтар» әдісі арқылы өткен сабақты қайталау.
Тақтада үйшіктегі сандар көрсетіледі. Оқушыларға сабақ үстінде сандар жеке таратылады. Оқушылар өзіне түскен сандар реті бойынша сұраққа жауап береді.
Мұғалім: - дыбыс дегеніміз не?
Оқушы: дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз.
Мұғалім: - әріп дегеніміз не?
Оқушы: әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.
Мұғалім: - дыбыстар нешеге бөлінеді?
Оқушы: дыбыстар екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз дыбыс.
Мұғалім: - Әріптің қандай түрі болады?
Оқушы: - сөз.
Мұғалім: - Дауысты дыбыстарды ата?
Оқушы: - А ,О,У,И, Ы.
Мұғалім: - Дауыссыз дыбыстарды ата?
Оқушы: - Л,М,Н,Р,У,Қ.
Мұғалім: - Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ережесі қандай?
Мұғалім: - Өткен сабағымызда қандай дыбыспен таныстық?
Оқушы: «Гг» дыбысы.
Мұғалім: «Гг» дыбысы дыбыстың қай түріне жатады?
Оқушы: Дауыссыз дыбыс
Мұғалім: «Гг» дыбысы кездесетін қандай сөздер бар?
Оқушы: гүл, Гүлнұр, егінші, өнеге.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет