Балалар! Жаңа заманның белгілі ғалымы А.Тойнби көшпелі малшылар туралы былай жазған екен: « Олар (көшпелілер-авт.) өз жерлерінен шығып, көрші орналасқан отырықшы өркениеттер аумағына жиі шабуыл жасап отырды... Көшпелілер қоғамы терең тарихы жоқ қоғам». Сендерге сұрақ:
Зерттеушінің пікірі туралы не ойлайсыңдар?
Еуроцентристік көзқарастағы ғалымның ұстанымына өз пікірлеріңді білдіріңдер.
1.Көшпелі малшаруашылығының қалыптасуы. Қазақстан аумағының табиғи және климаттық ерекшеліктері жергілікті тұрғындар шаруашылық түрінің қалыптасуына ежелден-ақ тікелей әсер еткен. Қуаңшылық кезде егіншілікпен айналысу тиімсіз болды. Қазақстанда жылына 400 мм. ғана жауын-шашын түседі. Күн радиациясы өте жоғары, қуаңшылық жиі орын алып отырды. Су көзі мен жайылымдық жерлердің тапшылығы, аумақтағы өсімдіктердің жеткіліксіздігі табиғи мал азығы қорының тарылуына әкелді.
Мал басының саны керісінше көбейді. Ол көшпелі малшаруашылығының орнығуына қол жеткізді. Осындай табиғи-шаруашылық түрлері қалыптасқан аумақтар Қазақстан, Моңғолия, Араб түбегі, Таяу және Орта Шығыс, Сахара мен Солтүстік Африка аумағы болды. Ұлы Далада егіншілікке аса тиімді балама ретінде көшпелі малшаруашылығы дамыды.
Көшпелілер өмірі табиғи заңдылықтарға бейімделіп, қоршаған ортаны игеру тәжірибесі қалыптасты. Мал өсірді, жылқыны қолға үйретті.
Малшаруашылығының қалыптасуы туралы параграфтан ғалымдардың түрлі пікірлерін оқыңдар.
2.Көшпелілер туралы еуроцентристік көзқарастар. Зерттеушілер шаруашылықтың бұл түрін өркениеттен артта қалу мен жабайылық көрінісі ретінде бір жақты түсіндіріп келді.
3. Ұлы Даладағы байлар, көшпелілердің дәулеттілікке ұмтылуы. Негізінен ХІХ ғ. Басына дейін қазақтар және олардың түпкі ата-бабалары өте дәулетті тұрмыс кешкен. Еркіндік, әділеттілік, көшпелі өмір салты, ен даладағы малшылар дәстүрі мен сән-салтанатын қалыптастырды. Көшпелілердің негізгі дәулеті-мал болып, байлық өлшемін мыңғырған ірі және ұсақ мал құрады.
4. Қазақстанда егіншіліктің дамуы. Қазақстан аймағында табиғи-климаттық жағдайының әртүрлілігіне байланысты көшпелі малшаруашылығымен қатар егіншілік те орын алды. Жер өңдеуде суландыру жүйелерін жүргізіп, қолдан суарып отырды.
5. Ауылшаруашылық дақылдары мен еңбек құралдары. Қазақтар бидай, арпа, тары, күріш, жүгері екті. Мал азықтық дақылдардан жоңышқа егу кең тарады. Отырықшы және жартылай отырықшы егіншілер астықты сақтау үшін жерді қазып ұра немесе қамба салған. Егін шаруашылығы арнайы еңбек құрал-саймандар жасауды қажет етті. Олар: соқа, орақ, айыр, күрек, кетпен, аша, тырма және т.б. ХІХ ғ соңы мен ХХ ғ басында темір соқа мен мала көп қолданылды. Егінді атпа және шығыр арқылы қолдан суарды.
6. ХХ ғасырдың басындағы қазақтардың жаппай егіншілікке өту себептері. Оның мынандай себептері болды: орыс шаруаларының қоныс аударуынан мал жайылымының қысқаруы, қала тұрғындары санының өсуі; қазақтарды егіншілікке күштеп мәжбүрлеу қаупі. Патша өкіметінің отарлау саясаты қазақтарды отырықшылыққа көшіруді көздеді.
Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:
«Ойды аяқта»
Кестені орындау.
Пікірлерді талдау.