Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы қорықтар Пәні: Қазақ тілі Тоқсан
Қазақ тілі 3-тоқсан 8-сынып
Сәлеметсіз бе? Асан, сізге «Өсімдіктер әлемі» тақырыбы бойынша біраз сұрақтар берсем деп едім. -Жақсы апай, білгенімше жауап беруге тырысайын. -Сіз білесіз, еліміз өсімдіктер әлеміне өте бай екендігін, олай болса Қазақстанның өсімдік жамылғысында өсімдіктердің неше түрі бар және көрші елдермен салыстырғанда Қазақстанда өсімдік түрлері неліктен аз? - Менің білуімше, Қазақстанның өсімдіктер жамылғысы 6000-дай өсімдік түрінен құралады. Қазақстанда өсімдік түрлері басқа көрші елдермен салыстырғанда көп емес, себебі оған Қазақстан жерінде шөлді, шөлейтті аймақтардың көптігі, топырақ пен климат өз әсерін тигізеді. Сондықтан да, өсімдігі жағынан бай өлкесі, таулы аймақтары болып саналады. -Дұрыс айтасыз. Ал еліміздің бүкіл аумағының қаншасын ормандар алып жатыр? Осы өсімдіктер мен орман әлемін байыту үшін қандай шаралар қолдану керек деп ойлайсыз? - Өзіміз білетіндей Қазақстанның бүкіл аумағының 11,4 миллион гектар жерін ормандар алып жатыр. Еліміздің өсімдік және орман әлемін байытуда әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз қажет, яғни көшет отырғызып, күтіп- баптап қураған ағаштарды уақытында кесіп отыру сияқты жұмыстар жүргізу керекпіз. Бұл әрқайсымыздың міндетіміз Алматы облысы Қарасай ауданы «Жібек жолы» ауылы «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ жүктеу/скачать 3,04 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |