Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
№9-тапсырма:
«Бала құқықтары» тақырыбында өз ережеңді ұсын. Сөйлемдердің айтылуына қарай тыныс белгілерін дұрыс қойып жаз. Жазу мәнеріңе көңіл бөл.
|
Жазылым:
«Бала құқықтары» тақырыбында өз ережесін ұсынады. Сөйлемдердің айтылуына қарай тыныс белгілерін дұрыс қойып жазады. Жазу мәнеріңе көңіл бөледі.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады.
|
Дескриптор: Жалпы - 5балл.
-Ереже ұсынады
-Тыныс белгілерін дұрыс қойып жазады
-Жазу мәнеріне көңіл бөледі
|
8-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері.
|
|
№6-тапсырма:
Өлеңді оқы. Автордың нені айтып отырғанын анықта және қазіргі заңмен салыстыр. Айтылу мақсатына қарай ажырат. Бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылған сөйлемдердегі баяндауыштың жасалу тұлғасына талдау жүргіз.
|
Оқылым:
Автор ойын қазіргі заңмен салыстырады.
Айтылу мақсатына қарай ажыратады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың оқыылым дағдысы қалыптасады.
|
Дескриптор: Жалпы - 5 балл.
-Салыстырады
- Айтылу мақсатына қарай ажыратады.
- Баяндауыштың жасалу тұлғасына талдау жүргізеді.
|
8-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|