Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның Ресейге қосылуы»



бет2/6
Дата19.12.2023
өлшемі1,91 Mb.
#140902
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақстанның Ресейге қосылуы (10 сынып) сабақ жоспары (1)

Сабақтың кілт сөзі: «Тарих – бір ғаламат алтын көпір,
Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын»
(Ж.Молдағалиев)
С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы:


Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушылармен сәлемдесу;

Сабаққа қатысын тексеріп, зейінін сабаққа аудару;
Шаттық шеңбері
Қуаныш бүгін ерекше
Шуағын шашып тұр әлем.
Білімнің түскен жолына,
Достарым саған мың сәлем.
Ендеше тілек тілейік,
Баршамыз ізгі ниетпен
Тарихтың зерттеп қойнауын
Тәуелсіз елдің өрені
Жетейік биік белеске
Оқушылардың тілегі

Сабақтың мақсаты хабарланып, сәйкесінше міндеттер айқындалады.


«Естігенімді – ұмытамын,
көргенімді – есте сақтаймын,
өз істегенімді – меңгеремін» Конфуций
Қызығушылықты ояту

  • Құлақ салып көрейікші, қандай әуен естіледі? «Елім-ай» әні

  • Аталмыш ән қай кезеңде дүниеге келген? Жоңғар шапқыншылығы

  • Дұрыс айтасыздар, өткен сабақта біздер Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңындағы саяси жағдайы туралы жан-жақты талқылаған болатынбыз.

  • Олай болса, сұмдық сипатымен қазақтың есінде өшпестей болып қалған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, ақ мешін», «қайын сауған» кезеңін еске түсіріп, төмендегі тапсырмаларды орындайық.

Бағалау парағы үлестіріледі.


Миға шабуыл
Дұрыс жауабын табыңыз
1. 1710 жылы қазақ жерінің Қарақұм маңында бас қосу себебі:
A) Үш жүздің басын біріктіру
B) Хан сайлау
C) Жоңғарларға қарсы тойтарыс беру
D) Руаралық тартыстарды шешу
E) Заңдар жинағын шығару
2. Ордабасы тауына жиналған қазақ жүздерінің шешімі бойынша жоңғарларға қарсы күресте қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланған хан:
A) Абылай
B) Тәуке
C) Әбілқайыр
D) Тәуекел
E) Сәмеке
3. 1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы:
А) Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді
В) Қазақ жері түбегейлі азат етілді
С) Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді
D) Жетісу өңірі толық азат етілді
Е) Кіші, Орта жүз жерлері азат етілді
4. Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған жер:
А) Сырдария маңы
В) Шығыс Түркістан
С) Ташкент
D) Қаратау маңы
Е) Жетісу
5. Болат хан өлгеннен кейін аға хандыққа таласқан қазақ хандары:
А) Әбілқайыр мен Әбілмәмбет
В) Сәмеке мен Әбілқайыр
С) Сәмеке мен Әбілмәмбет
D) Батыр мен Тақыр
Е) Әбілқайыр мен Батыр


Жауаптары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет