Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның Ресейге қосылуы»



бет3/6
Дата19.12.2023
өлшемі1,91 Mb.
#140902
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақстанның Ресейге қосылуы (10 сынып) сабақ жоспары (1)

1. С
2. С
3. А
4. Е
5. В


«Ой ашар»
Сәйкестендіру жұмыстары орындалады

1

ХҮІІІғ. қазақ жеріне шығысынан қауіп төндірген мемлекет

А

Қанжығалы Бөгенбай

2

Жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулап алған жыл

Ә

Жоңғария

3

Бүкіл қазақ жасағының қолбасшысы болған батыр, дипломат

Б

Сәмеке

4

Алакөл, Бұланты шайқастарында найман жасағын басқарып, «Дарабоз» атанған батыр

В

1724-1725жж

5

1724-1738жж Орта жүздің ханы

Г

Қаракерей Қабанбай

1-Ә / 2-В / 3-А / 4-Г / 5-Б




  • Ендеше, кезекті ойынға берсек....

««Иә» ма, «Жоқ» па» ойыны
Кел, баршамыз жиналып,
Иә ма, жоқ па ойналық
Мен бастайын ойынды
Түрлі сауал қоюды
Сұрақ қойған кезімде
Сен «иә» де, не «жоқ» де
Қалмау үшін жаңылып
Сұрағымның мәнін ұқ!

р/с

Мазмұны

Иә

Жоқ

1.

«Қазақ даласының Ликургі» атанған, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманды» негіздеген билеуші Тәуке хан болды.

+




2.



1635, 1643, 1652жж. қазақтарға қарсы жорықты басқарған жоңғар қоңтайшысы Батыр еді.

+




3.

1710 жж жоңғарларға қарсы біріккен әскер жасақтарын құру туралы үш жүз өкілдерінің алғашқы құрылтайы өткізілді

+




4.

Жоңғарлар қазақ жеріне 7 бағытта 700мың әскермен кірген




+

5.

1723-1727жж қайғылы көріністі Қожаберген жырау «Елім-ай» әнінің қайғылы әуенімен жырлайды

+




6.

Цинь императоры Кансидің өлімінен кейін жоңғар қонтайшысы Қалдан-Церен қазақтарға шабуылды күшейтті




+

7.

Қара сиыр деген жердегі шайқаста жоңғарлар елеулі жеңіске жетіп, қазақ даласын қанға бояды.




+

8.

Аңырақай шайқасында үш жүздің бірлескен жасағына Әбілқайыр хан қолбасшылық жасады

+




9.

Ш.Құдайбердіұлы: «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдары қазақ халқының үштен бірі қырғынға ұшырады»- деген деректер келтірген.




+

10.

Шыңғыс ұрпақтарының тақ үшін таласуы нәтижесінде қазақ жасақтары Аңырақай шайқасындағы жеңістен туындаған қолайлы жағдайларды пайдалана алмады

+




Тарихымның тарауын
Қайталадық әп-сәтте
Айтыңдаршы білейін
Ұнады ма бұл ойын? Иә


«Суреттер сыр шертеді» айдары

  • Экранға назар аударып, көрсетілген тарихи тұлғалар туралы не білетінімізді ортаға салсақ.





  • Сонымен балалар, бүгінгі сабағымызға арқау болған тақырып «Қазақстанның Ресейге қосылуы»

Мағынаны тану

  • Бүгінгі сабағымызға арқау болған тақырып сіздерге жақсы таныс, сондықтан қазір еске түсіріп, пікір алмасатын боламыз.



Жоспар:

    • Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейдің қол астына кіруі

    • Қазақстан жерлерін біріктіру жолындағы Абылай ханның күресі

    • Патша өкіметінің Оңтүстік Қазақстанды басып алуы.

    • Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.



«Тарих тағылымы» айдары
Тарихнамалық шолу
«Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіруі, жаулап алуы, отарлауы»
Сөздің ұлысы, сөздің сипаттысы – тарих. өмірде бәрі өткінші, бәрі тозады, ғылым ғана мәңгілік бәрінен озады демекші тарих тағылымы әрбір халықтың дамуының басты факторы болып табылады. әрбір мемлкеттің тарихы оның халқының тәуелсіздікжолындағы күрескерлік жолымен өзектес келеді. Сондықтан да бүгінгі сабағымызда Қазақстанның Ресейге қосылуының кезеңдері мен саяси күрделі өзгерістерді уақыт пен кеңістік аралығында серуен жасап қарастырамыз.
Ұзақ жылдар бойы үстемдік еткен кеңестік тұжырымдама біраз өзгерістерге ұшырады. Ғалымдарымыз Орталық Азиядағы халықаралық қалыптасқан жағдай мен Ресейдің империялық саясаты туралы зерделеп, жаңашыл, тың туындылар дүние келуде. Осы орайда сабағымызға жасақталған кітаптар көрмесі сын ғасырлар сарынын аңғартуға көмегін тигеді.
Қазақстанның Ресейге қосылу себептерін М.Әуезов айтын көрсеткен.
М.Әуезов: «Қазақ елін орысқа бағындыруға зорлаған себептер көп. Бір
жағынан қалмақтар сияқты елдің тізесі батқан жаулығы болса,
екінші: Орта Азия хандықтарының қысымшылығы, үшінші: орыс
үкіметінің қазақты бағындыруды мақсат қылғандығы, сонымен
бірге тағы бір зор себеп, қазақтың өз хандарының алалығы»
Ә.Бөкейханов: «Қазақстанның империя құрамына кіруі отарлау(ерікті түрде
және үкімет арқылы) мен жаулап алудан тұрады»
П.Г.Галузо: «Қазақстанның империя құрамына кіруі; біріншіден – халықтарды
саяси дербестіктен айырудың, екіншіден – экономикалық жағынан
кіріптар етудің, үшіншіден – дүние жүзін болашақ отарларға бөлу
жөнінен орыс-ағылшын бақталастығының салдарынан болды»
С.Асфендияров: «Патшалық жаулап алу қазақ бұқарасына ізгілік, бейбітшілік
әкелген жоқ, күйзеліс, талап-тонаушылық әкелді»
Н.Г.Аполлова: «Патша өкіметінің даланы бейбіт жолмен жаулап алуы және
қазақ халқының мәңгілік бодан болуы дейтін кең көлемді
агрессиясын жүзеге асырды»
Н.Назарбаев: «Ол қазақ тарихының айрықша ауыр кезеңі еді.Отарлық
кеңістіктің тұрғындары тарихи қалыптасқан мемлекеттігін
қайтадан қалпына келтіре алмайтындай қып, оларды жер мен
суға байырғы иелік құқынан біржолата айыруды көздеп, алдын
ала ойластырылған зұлым саясат болды»
Әбілқайыр мен Абылайдың сол кезеңдегі әрекетін заңды құбылыс деп санаймыз. Себебі халық қаһармандары заман талабымен, халық қалауымен дүниеге келетіні ойымызды анықтай түспек. Қандай да болмасын халықтың, қоғамның басына қиын күн туғанда сол заманда ғұмыр кешкен ұрпақ өмірі де күрделі болмақ.
ХҮІІІғ.30жж басталған Қазақстанның Ресейге қосылуы ХІХ ғ.60жж аяқталып, 1,5 ғасырға созылған болатын.
Қалай болғанда да, шаруашылық пен әскери отарлау салдарынан Қазақстан саяси тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігінен екі жүз алпыс жылдай қол үзіп қалғаны тарихи шындық болып табылады. Тарихты жаңарту, саралау – бүгінгі ұрпақ сіздердің пешенеңізге жазылмақ.
Кітаптар көрмесіне шолу. Дәптермен жұмыс
Оқиғалар желісін айшықтау жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет