Нұсқаулық: «Білемін, үйрендім» әдісі бойынша А.Құнанбаев туралы
білімдерін ортаға салу.
Бұрыннан білемін
Жаңа мәлімет
«Болжау» стратегиясы бойынша суретпен жұмыс жасау.Диалог құрастыру.
Суретте кімдер бейнеленген деп ойлайсыңдар?
Әжесі мен немересі арасында диалог құрастыр.
Оқылым: Оқулықпен жұмыс. М.Әуезовтің «Бала Абай» әңгімесі оқылады. а) іштей оқу ( «Инсерт» әдісі бойынша түсінбеген сөздерін түртіп алу) Сөздік жұмысы Әуелде – алғашқыда Қажымай-шаршамай Ынтыға- қызыға ә) мәтінді бөліктерге бөлу (басы,ортасы,соңы) б) мәтін бөліктеріне ат қою Топтық жұмыс. Нұсқаулық: «Сұрақ бізден, жауап сізден » әдісі бойынша 1-топ. «Ғалым» - бірінші бөлік бойынша сұрақ құрастырады.
2-топ. «Батыр» - екінші бөлік бойынша сұрақ құрастырады.
3-топ. «Ағартушы» - үшінші бөлік бойынша сұрақ құрастырады.
4-топ. «Ақын» - мәтінді бөлік бойынша тұтастай мазмұндайды.
Дескриптор: - « Сұрақ бізден, жауап сізден » әдісі бойынша оқушылар сұрақтарды жүйелі түрде құрастыра алады.
- Берілген сұрақтарға нақты жауап береді. - Мәтінді бөлік бойынша тұтастай мазмұндайды.
- Сұрақтарды жүйелі түрде құрастыра алады.
Жазылым: Жұптық жұмыс. Абайдың аналарының аттарын тауып жаз. Әжесінің аты – Шешесінің аты –Дескриптор: - Абайдың әжесінің атын тауып жаза алады. - Абайдың анасының атын тауып жаза алады.