3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып , белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу
Сабақ мақсаттары
Барлықоқушылар: мәтіннен сұрақтарға қажетті мәліметтерді табады.
Көптегеноқушылар: өздері сұрақ қояды.
Кейбіроқушылар: кейіпкерлер арасында сұрақ-жауапқа құрылған диалог құрастырады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Әл-Фараби салған ізін жалғастырып, Ғылым қуған,өнер қуған- Біз боламыз! Абылай ханның көтерген туын жықпас, Елдің «Батыр» ұландары - Біз боламыз! Ыбырай ата,тәлімінен тәрбие алып, Білім қуған «Ағартушы» - Біз боламыз! Ұлы Абайдың өлеңдерін жаттап өскен, Рухты ұрпақ, ақын жанды - Біз боламыз! Бәрі бірге: Болашақтың жарқыраған жұлдыздары - Біз боламыз! Топтасу 1-топ. «Ғалым»
2-топ. «Батыр»
3-топ. «Ағартушы»
4-топ. «Ақын»
*топ атауын қорғау
*топ басшысын сайлау
*топ ережесін еске түсіру
Нұсқаулық: «Сиқырлы таяқша»әдісі арқылы үй тапсырмасы Ғафу Қайырбековтің «Алғашқы қоңырау» өлеңін топ бойынша сұрау.
Дескриптор: - Өлеңді мәнерлеп оқиды.
- Өлең мазмұнын түсінеді.
- Автор туралы мағлұмат айтады.
4-топ. «Ақын» 1-шумақ
3-топ. «Ағартушы» 2-шумақ
2-топ. «Батыр» 3-шумақ
1-топ. «Ғалым» Автор туралы түсінік айту
«Сұрақ-жауап» әдісімен өткенді пысықтау. 1. Қандай ойшыл,ғұламамен таныстық? (Әбу Насыр әл-Фараби)
2. Әбу Насыр әл-Фараби қандай тілдерді білген?(араб,парсы,түркі)
3. Қазақ батырлары неліктен атқа қонды деп ойлайсың?
4. Үш жүздің басын құраған кім? (Абылай хан)
5. «Кел,балалар оқылық! өлеңін кім жазған? (Ыбырай Алтынсарин)
6. «Қазақ даласының алғашқы ұстазы» дегенді қалай түсінесің?
Осы тақырыптардың бәрін біз қандай ортақ тақырыптан өтіп жатырмыз? (Атақты тұлғалар)
Тыңдалым: «Қыс» өлеңін аудиожазбадан тыңдау.
Өлеңді жазған кім? (Абай Құнанбаев)
Сіздер бүгінгі сабақта не үйренгілеріңіз келеді?
Сіздердің үйренгендеріңіздің дәлелі қандай болмақ?