Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық сәндік- қолданбалы бұйымдарыі



бет11/42
Дата19.02.2023
өлшемі1,73 Mb.
#69256
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
Байланысты:
8 с Б 472

Педагог іс-әрекеті

Оқушы әректі

бағлау

Ресурстар

Сабақтың басы

Амандасу.Түгендеу.Психологиялық ахуал орнату.
Сабақтың басында оқушылардың назарын аударту
- сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайтын және жобалық жұмыстарды бағалау критерийлерін ұсыну.
Миға шабуыл:
Қазақстан модельері Айя Бапанидің бейнебаян көрсетілімі
- осы әдіспен жұмыс жасайтын суретшілердің жұмыстарымен танысу
- оқушылар: өз альбомдарына суретшілердің есімдерін жазады
-құрғақ илеу тәсілімен танысу
-дымқыл илеу тәсілімен танысу
-шимен жұмыс істеу тәсілі және понно орындау әдісі

Сұрақ-жауап кезеңі



Өзін-өзі бағалау



Тұсаукесер

Бейнебаян


https://www.youtube.com/watch?v=2tNhAhdp7Zo

Сабақтың ортасы


.

Мозаика тренингі.
Оқушыларға кескін бөліктері беріледі және олар осы кескіннің басқа бөліктерін оқушылардан табуы керек.Бұл сабақта жүн илеу немесе ши тоқу техникасында жұмыс істейтін шеберлердің суреттерін пайдалана аласыз, ал кері жағында бұл жұмысты орынған суретшінің атын жаза аласыз. Мозаиканы қажет болғанда бірнеше бөлікке бөлуге болады, оған қанша оқушыны топтарға жинағыңыз келетініне байланысты.
Дымқыл илеу әдісі үшін, сізге қажет:түтілмеген жүн, көпіршікті жабын, бамбук майлық, сабын, жылы су.
Дымқыл илеу әдісімен жұмыс істеуде, оқушылар шарфқа арналған нобай бойынша жүнді жабынға салып илеуге дайындайды.
Ши тәсілінде жұмыс істеуде, оқушылар панно өлшеміне сай нобай дайындап, жүн немесе жүнді жіппен белгілейді.
Мұғалім оқушыларды қолдайды және процесті бақылайды.1 кезең.Негізгі жүннен 8 сантиметрдей бірдей жүн үзіктерін бөліп аламыз. Дайын жүн үзіктерін көпіршікті жабынға бір бағытта, бір-біріне сәл жанастырып орыналастырамыз. Осы әдіспен, жүн үзіктерін қойып болғаннан кейін, келесі қабатты перпендикуляр орналастырады, осы кезекпен 3-4 қабат қойып шығу керек.
2 кезең.Соңғы қабатта бетіне сурет салу үшін, жүннен жасалған жіпті, жүн қалдықтарын және т.б. қолдануға болады. Сабын ерітіндісін дайындау. Мұны істеу үшін сабынды жылы сумен ерітіп (қолдың терісіне зиян келтірмейтін, ылғалды илеуге арналған арнайы сабын ерітіндісі болады, басқа да ерітінділерді қолдану, балаларға арналған, сұйық сабын немесе ыдыс жууға арналған жуғыш затты қолдануға болады) — қолда бар сабын
ерітіндісін қолданамыз.
Жасаған дайындамамызды дымқылдап, бетіне тор немесе көпіршікті жабынмен жабамыз. Дайындаманы жабынмен бірге бамбук майлыққа салып, тығыздап ораймыз. Артық суды шығару үшін ораманың сыртынан сүлгімен қаптаймыз. Жүз рет әрлі-берлі илейміз. Кейін ашып, 90 градусқа айналдырып, орама жасаймыз. Дайын өнімді жылы сумен жуып, құрғатамыз. Сықпаңыз, суды шығару үшін тек жеңіл ғана қысыңыз. Жұмыс жұппен немесе топпен орындалады.
Алдымен жұмыс орының дайындап алу қажет және шарф, палантин немесе панноның көлемін анықтау керек.
Ши тоқу.

1. Жауап беріңіз, неге жүндер түсіп қалады?
2. Сіз қандай жүн түрлерін білесіз?
3. Сіздің ойыңызша альпаканың жүнін, түйенің, лама, сондай-ақ кашемир, ангора және т.б. пайдалануға болама?
4. Жүннен жасалған қандай бұйымдарды жасауға болады?
5. Сіз жүнді илеу тәсілімен бұрын жұмыс жасадыңыз ба?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Толығырақ дымқыл илеу тәсіліне тоқталамыз, себебі біздің жасайтын бұйымымыз осы тәсілмен орындалады.



Дескриптор:
*жұмыс орнын дайындайды
*жүнді нобайға сәйкес таңдайды
*тәжірибелік жұмыстарды орындау кезінде теориялық білімді қолданады
*тәжірибелік жұмысты орындау барысында кезең – кезеңмен тәжірибелік бөлімнен өту.
-*тұсаукесерде құрғақ және дымқыл жүн илеу тәсілі мен ши орындау әдісінің кезеңдері баяндалады.



Қолөнер - Киіз кілем дайындау шебері
https://www.youtube.com/watch?v=wUDVFdOlpDo

Сабақтың соңы

Кері байланыс. Білім ағашы

Өз ой пікірлері

Өзара бағалау

стикер








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет