Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі:
– Амандасу;
– Сабақтың тақырыбын, мақсатын оқушылардың өздеріне аштыру, критерийлерімен таныстыру.
Тақырып бойынша сұрақтар.
1.Б.Мұқай жайлы не білеміз?
2. «Өмірзая» сөзін қалай түсінесіңдер?
Әдебиет теориясы.
Сюжет-көркем шығарманың мазмұнын ашып,мазмұнды пішінге көшірудің негізгі түрі,жолы және тәсілі.
Тартыс-өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі.
|
Сабаққа уақытылы қатысу
|
|
презентация
|
Сабақтың ортасы
30 минут
|
Жаңа сабақ .Автор туралы бейнежазба тыңдатып, тапсырма орындату.
1-тапсырма. Б.Мұқай өмірінің хронологиялық кестесін жаса.
«Өмірзая» романы туралы
Баққожа Мұқайдың орыс-совет кезеңіндегі халқымыздың рухының жанышталуы, құлдық сана туралы жазылған романы.
Баққожа романы XX ғасырдың 80-жылдардағы қазақ идеясы турасында. Мұнда ажалға қарсы шапқан азамат туралы жазылған. Басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы, бар мінезіне тәнті боламыз. Ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын құртып тынатын тағы бір мінезі – қызбалығы. Аяған әуел баста Совет үкіметінің қағазға жазылған заңына сенеді. Бұрмалаушылар беріде деп ойлайды. Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған. Әуелі Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары советтік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр аяғында өлтіріп тынады.
Баққожа «Өмірзая» романында ажалға қарсы шапқан азамат туралы жазыпты. Басты кейіпкері де сол – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы отыз беске жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы... бар мінезіне тәнті боламыз. Бірақ роман үшін ғана емес, біз үшін де ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын алып жейтін тағы бір мінезі – қызбалығы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |