Сабақтың тақырыбы Б. Мұқай. «Өмірзая» романы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет3/4
Дата25.11.2023
өлшемі30,47 Kb.
#126086
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
1- сабақ Б.Мұқай. «Өмірзая» романы

Уй жұмысы:


Дұрыс жауап.
Оқиғаның басталуы Кеңес өкіметі дәуіріндегі 1980 жыл. Профессор Алдияр Ақпан ұлы және оның шәкірті Аяған Қуатовтың айналасында өрбиді.
Оқиғаның дамуы
Кеңес заманының озбырлығын суреттеген бұл романда Кенесары туралы еңбек жазған Алдияр Ақпанұлы мен оның шәкірті Аяған Қуатовтың өмір өткелдеріндегі қым-қиғаш оқиғалар, арандатушылық әрекеттер, шындық үшін күрес жолындағы қиындықтары сөз болады. Бірақ кітаптың соңында шындықты дәлелдеймін деп арпалысқан, алысқан азаматтың барлығы өмірден озады. Өмірзая... Бірақ олардың ерліктері ел есінен шыққан жоқ.
Оқиғаның байланысуы
Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған.
Оқиғаның шиеленісуі
Әуелі Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары кеңестік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында.
Оқиғаның шарықтау шегі
Жалақорлардың жаласынан, пәлеқорлардың пәлесінен Аяған мынадай күйге түседі: ақтығын, адалдығын, жазықсыздығын дәлелдей алмайды; көкірегінде жыр-пыры шығып шырылдаған шындығынан кеңестік билікті иландыра алмай, мысы құриды.
Оқиғаның шешімі
Шындық іздеп жүріп, әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, одан аман-сау шығып келгенде қайтадан түрмеге тығады; қарт ата-анасы, әйелі осының қайғысынан өледі; балалары жетім қалады. Міне, отарлық кезең – зобалаң заман шындығы
Өмірзая (роман) - Баққожа Мұқайдың орыс-совет кезеңіндегі халқымыздың рухының жанышталуы, құлдық сана туралы жазылған романы. Романдағы басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы, бар мінезіне тәнті боламыз. Ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын құртып тынатын тағы бір мінезі – қызбалығы. Аяған әуел баста Совет үкіметінің қағазға жазылған заңына сенеді
Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары советтік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр аяғында өлтіріп тынады.
Романның ой тұрғысынан тиянақтаушы – Алдияр Ақпанұлы деген қарт. Ескінің сарқыты, тарихшы профессор. Атағы алашқа мағлұм адам. Алдияр ақсақал отаршылдық сабағын жақсы біледі, ұлтын жарыққа жетелеу жолындағы күрес құралы – халқының тарихи зердесін ашу деп санайды. Осы орайда Кенесары хан туралы зерттеу жазады. Ресми саясатқа қайшы бұл еңбек халыққа жат деп жарияланып, атақты ғалымның басына қара бұлт орнайды, күштілер тарапынан қудалауға ұшырап, шал ауру болып қалады. Оның түбіне жеткен отарлық саясатының ұраншысы ғана емес, қиын кезде бас сауғалап кеткен шәкіртінің опасыздығы. Ғұлама профессорды оп-оңай құлатқан, институт ректоры Мұса Байларов. Әлдебір жоғары мансапты партия қызметкерінің жекжаты. Сөзде майда, істе аяусыз. Бір көрімге тәуір адам, қулығына құрық бойламайды. Ең ақырында, Желтоқсан дүрбелеңі кезінде өкімет әрекетіне қайшы сөз айтып, көзге шалынып қалған туған әкесін өз қолымен жындыханаға қамайды. Бұл да – отаршылдық сананың жемісі. Бірақ құрбаны емес, құрбан – Алмас деген жас жігіт. Ол қабілетті жігіт, әуелде оң жолда болады. Өзінің жолдастарын жалаға береді, ақыр түбінде ұстазына пәле жабады, жалған куәлік жасайды. Желтоқсанға қатысқан барлық таныстарын түрмеге, бұл оқиғаға мүлде араласпаған ұстазын (Аяғанды) өлімге кесіп береді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет