Сабақтың тақырыбы: Батыр ұл-қыздар ерлігі-ұрпакққа үлгі. «Мәңгілік полк»


«Мәңгілік отқа» гүл шоғы қойылсын!



бет2/4
Дата13.03.2023
өлшемі24,67 Kb.
#73730
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Ашық тәрбие сағаты "Батыр ұл-қыздар ерлігі ұрпаққа үлгі"

«Мәңгілік отқа» гүл шоғы қойылсын!


Мұғалімнің сөзі: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіске де 1-2 күн қалды. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін өз жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Батыр ұл-қыздар ерлігі-ұрпакққа үлгі» атты ерлік сабағымыз, бүкіл ТМД елдерінде «Бессмертный полк» немесе «Мәңгілік полк» деп аталатын сабағымыз, Жеңіс күнін әкелген, барша қазақстандық жауынгерлеріміз бен қан майданнан оралып, еңбек майданына араласқан аталарымыздың өздеріңнің бабаларың, аталарыңа арналады.


Еділ:- Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.


Айым: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Әмина: Ия, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үмітімен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. 

Малика: Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем -
декем. 
Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып, қатары сиреп қалған ата – апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет