Сабақтың ортасы
13 минут
|
Оқыту түрі: Топтық жұмыс.
Әдісі: «Тарсия»
1-Тапсырма: «Шұғаның белгісі» повесінің -сюжеттік желісі бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы пирамида құру.
Талқылау сұрақтары:
Повесть «Шұғаның белгісі» деп неге аталған?
Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмау себебі не?
ЕББҚ бар оқушының топта өткен тақырыпты есіне түсіріп, сыныптасынан қолдау көреді және қарым-қатынасқа түсуі артады.
Дағды: сабаққа мақсат қою дағдысы, бағалау критерийлерін шығару дағдысы қалыптасады
Оқыту түрі: Жұптық жұмыс.
Әдісі: «Концептуалды кесте»
2-тапсырма. Кесте шығармадағы кейіпкерлер жүйесін анықтауға бағытталған. Шығармадағы кейіпкердің атын, қасиетін анықтап, өз тарапынан кейіпкерге баға беріп, кестені толтырады.
Талқылау сұрағы:
- Қазіргі қазақ қыздары мен Шұғаның айырмашылығы қандай?
- Сіз өз бойыңызға Шұға мен Әбдірахманның қандай қасеттерін алар едіңіз?
Дағды: Тыңдай білу, ұжымдық шешім қабылдау, бір бірімен байланысқа түсу, талдау, қарым-қатынас, болжай алу, алған ақпаратты жүйелеу дағдысы қалыптасады.
ЕББҚ бар оқушы бұл тапсырмада жұбынан қолдау көмек алып, тапсырманы бірге орындайды.
Мақсатқа оралу: Повесттің идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды.
|
Үй тапсырмасымен байланыстыра отырып, спиральді білім беру қағидатымен өткен тақырыпқа байланысты сұрақтарды топта талқылайды, сұрақтарға дұрыс жауабын таңдайды.
Жұмыс дәптерге қажетті мәліметтерді жазады.
Жұптық тапсырманы орындауда кестені толтырады.
|
Пирамидадағы сұрақтарға дұрыс жауап тауып талқылауға белсенділікпен қатысқан топтарға «Ең белсенді», «Ең талапты», «Ең ізденуші» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Бағалау критерийі:
Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды.
Дескриптор:
- кейіпкерлерді анықтайды;
- кейіпкерлердің қасиетін талқылайды;
-кейіпкерлерге баға береді.
«Жетон» әдісі.
Түрі - бірін-бірі бағалау
|
https://www.tarsiamaker.co.uk/
Үлестірме қағаздар
|