Жобалық жұмыс. Бейнекамера объектісі арқылы әлемді тану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Бейнекамера көмегімен белгілі тақырыпқа бейнеклиптерді түсіреді. Қоршаған орта, табиғат құбылыстары тақырыбында бейнеожоба (ролик) дайындауды үйренеді.
Құндылықтарға баулу:
1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы”, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Астана» құндылығы қалыптасады.
2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.
3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.
4. Өмір бойы оқу, Қазастандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.