Сабақтың тақырыбы: Берел қорғандары Мұғалімнің аты-жөні: сынып: 5 Д



бет1/2
Дата27.01.2023
өлшемі25,06 Kb.
#63263
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Берел қорғаны ашық сабақ


Бекітемін

Сабақтың тақырыбы:
Берел қорғандары

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 5 Д



Қатысқан оқушылар саны:



Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

5.2.2.1 – археологиялық ескерткіштерді сипаттау;
5.2.1.2 – ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау;



Сабақ нәтижесі:



Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

  1. Қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Берел қорғандары



Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Шілікті және Бесшатыр патша қорғандары



Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы
5 минут
Үй тапсырмасын тексеру 10 минут

Сәлемдесу.
Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топтарға бөлу.
1-топ «Салт-дәстүр»
2-топ «Тиграхауда»
3-топ «Көкпар»
4-топ «Саятшылық»
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Игі тілек»
Бүгінгі күніміз сәтті өтсін! Қолдану
Тапсырма


Венн диаграммасы арқылы Шілікті Бесшатыр қорғандарын салыстыру
Бағалау (топтар бір-бірін «Бас бармақ»әдісімен бағалайды

1-топ
2-топ


3-топ
4-топ

Жаңа білім
10 минут



Білу және түсіну
Жаңа тақырыпқа кіру.қызығушылықты ояту.
Балалар, енді бәріміз бейнематериалға назар аударайық.3мин.
«Берел қорғандары»
Бүгінгі кін реті мен жаңа тақырыппен таныстыру.
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Мәтінмен жұмыс.5.2.1.2. археологиялық ескерткіштерді сипаттау (5 минут.)
Топтық тапсырма. Топтарға карточка таратылады. Карточкада берілген сөз тіркесін әр топ толықтырып аяқтайды.Әр топ өз сөз тіркесін оқиды, әр топ сайын 3 топ бағдаршам әдісі арқылы бағалайды.


Мұғалімнің түсіндірмесі. (карта, мәліметтер)



Оқулық,
мәтіндер.

Ортасы
10 минут

Қолдану
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.
Берел қорғаны б.д.д. Ү-ІҮ ғ.

Скиф-сақ хайуанаттар стилінде жасалған заттар табылған, Батыс Қазақстандағы Аралтөбе мен Шығыс Қазақстандағы Берел қорғандары да бүгін әлем жұртшылығына танымал қорғандар.


Атақты Берел қорғандарын алғаш ашқан, қазіргі уақытта аты біраз жерге мәшһүр, Әлкей Марғұлан атындағы ҚР Білім және Ғылым министрлігі Археология институтының бас ғылыми қызметкері Зейнолла Самашев 1947 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Бестерек ауылында туған. Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетін бітіргеннен кейін оқытушылық қызметпен айналысты.


1981-1991 жылдар аралығында Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов атындағы Тарих,археология және этнография институтында, 1991 жылдан бастап Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтында ежелгі өнер бөлімінде меңгеруші болып жұмыс істейді.


1998-2000 жылдары ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ә.Марғұлан атындағы Археология институты белгілі археолог З.Самашевтің жетекшілігімен халықаралық экспедиция Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы қасиетті Алтайдың ақ қайыңдары мен мәңгі жасарып тұратын неше мың жылдық орман-тоғайларымен көмкерілген тау сілемдері қоршап жатқан көрікті аңғарда орналасқан Берелде еліміздің бірсыпыра ғылыми-зерттеу институттары, университеттері, сондай-ақ Франция, Италия ғылыми-зерттеу ұйымдары қазба жұмыстарын жүргізді.


Берел қорымындағы обалар тізбектеле орналасқан. Олардың жер бетіндегі аса алып пішіндері ежелгі көшпелілердің өз көсемдеріне ерекше ғибадатхана-кесене түрінде күрделі ғұрыптық жерлеу құрылысын тұрғызу мақсатымен осында әдейі әкеліп жерлегенін көрсетеді. Аңғардың аса абзал жағдайы мен табиғатының ғажайып сұлулығы осы өңірдің киелі-қасиеттілігін арттыра түскені сөзсіз. Жеке обалардың және бүкіл қорымның тау етегі мен таулы өзен жағасындағы орналасуы да мифологиялық наным бойынша жер мен көкті, яғни жоғарғы және төменгі дүниелерді жалғастырушы, әлемдік бәйтеректің бір нұсқасы болып табылғанын көрсетеді. Ежелгі көшпелілердің діни-мифологиялық наным-түсінігі кеңістік пен уақыттың қасиетті түйісінде, жылдың айқын ажыратылатын белгілі мезгілдері болып табылатын маусымдардың ауысатын тұсында және арнайы белгіленген киелі орындарда жүзеге асырылуға тиісті тұтас бір ғұрыптық іс-әрекеттерді қажет ететін марқұм болған кісілерді о дүниеге жөнелту – жерлеу дәстүрімен өте тығыз байланысты болған. Ал мұның өзі көсемнің ежелгі замандарда жер бетінің биік билеушісі, Құдайы, әлеуметтік үйлесімнің негізі, ырыздық пен тәртіптің кепілі ретінде таңылған рөлімен де қатысты. Сондықтан да, өз салауатына сай ол дүниеден өткен билеушіге ғұрыптық белгілерді таңа отырып оның жерлеу салтына ерекше мән берген. Билеуші тұлғаның өлімін о дүниеге –«жерұйыққа» өтумен теңестіріп, көсемді мәңгі жасайтын және де аса қуатты өлімсіз күйінде елестеткен. Сондықтан оның денесін шірітпей сақтау өте маңызды болған. Сол мақсатпен қайтыс болған көсемнің денесі бальзамдалып, ол жататын қабірдің ішінде тоң жүретіндей етіліп айрықша жағдай жасалған. Ежелгі Берел даласының көшпелілері сол жердің табиғи-климаттық жағдайларын ескере отырып, жасанды тоң қалыптасатын кезеңінде ғана барып көрдің жерлеу құрылысын салуы да мүмкін. Бұл факты «тоң басқан обалар» кереметі деп аталып кетті. №11 үлкен обада (диаметрі 30м. астам, бастапқы биіктігі 2м. асады) жоғарғы мәртебеге ие кісі жерленген. Қазылған оба – аса күрделі сәулет құрылысы. Обаның алып үйіндісі тастардың жай-әншейін ретсіз лақтыра салған жиындысы емес, керісінше әр түрлі көлемдегі арнайы талданып алынған тақта, домалақ және малта тастардан жүйелі түрде қаланған бірнеше қабаттардан тұрады. Оба астындағы қабірдің үсті бөрене-сырықтарымен жабылған. Қима тағанның ішіне, жасыл тастар төселіп, оның үстіне астау-табыт қойылған. Табыттың төрт бұрышында қоладан құйылып, сыртына алтын жалатылған төрт құстың мүсіндері орнатылған. Олар символикалық түрде марқұмның әруағын қорғаушы – періштелер қызметін атқарады деген нанымға сәйкестендірілген. Астау – табытқа жасы шамамен 35-40 – жастардағы ер адам қойылған, ал кейінірек оның жанына әйел жерленген.


Түсіндіру.
Топтық, жеке жұмыс жүргізу.
Дәптермен жұмыс.



Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
Топтық жұмысқа арналған ресурстар

Сергіту сәті
2 минут



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет