1.1.3.1 тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
1.4.1.2 мұғалімнің қолдауымен сөзді дұрыс тасымалдауды, тасымалданбайтын сөздерді білу
Сабақтың мақсаты
Тақырыбы мен сурет бойынша өлең мазмұнын болжайды. Сөзді дұрыс тасымалдауды, тасымалданбайтын сөздерді біледі.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Бір қадам алға...»
Мұғалім есіктен кіргеннен өткен сабаққа байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім үстеліне жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.
Мысалы: алма – 2 буынды сөз, ат – 1 буынды сөз.
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы бірге орындайды. Достық туралы өз ойларымен бөліседі.
«Отшашу» арқылы бағалайды.
Ортасы
Буын неден құралады?
Сөздегі буын саны неге байланысты болады?
Бір буынды сөздерге мысал келтір. (екі, үш) Сұрақтарға жауап бергеннен соң, қима қағаздардан тасымал сөзі құралады.
Балалар, өздерің көріп отырғандай, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы қалай аталады? Балалар: «Тасымал» деп аталады.
Бұл сөзді естігендерің бар ма?
Жұмбақ шешу:
Ғажап екен кіп-кішкентай Сәнді үй.
Ішінде ұйықтап жатыр Балқып әлди.
Бұл не?
Бесікке кімді жатқызады?
«Бесік жырын» кім орындайды?
Ән тыңдау. Бесік жырынан үзінді тыңдау.
Ән сендерге ұнады ма?
Ән қалай орындалады?
Балалар, әлемдегі ең қымбат, аяулы адам кім?
Аналарың сендерді қалай еркелетеді?
Ана сәбиін қалай тербетеді?
Суретпен жұмыс Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар? Тағы нені байқадыңдар?
Суретке қарап, өлеңнің мазмұнына болжау жасап көріңдерші. Өлең кім жайында болмақ деп ойлайсыңдар?
Өлеңнің мазмұнымен жүргізілетін жұмыстар:
Өлеңді тыңдатады.
Жеке оқушыларға оқытады.
Сөздік жұмысын жүргізеді.
Оқушылар «Бесік жырының» әуенімен қосылып, бірге айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
«Бесік жырынан» үзінді тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Суретпен жұмыс жүргізеді. Өлеңді оқушылардың бәрі оқиды.
«Бесік жырының» әуенімен қосылып, оқушылар бірге айтады.