Пән:
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Матибаева Ш.Е.
|
Сыныбы: 9ә
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Біржан-Сара» айтысының көркемдік ерекшелігі
|
Оқу мақсаттары
|
9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар: шығармада қолданылған көркемдегіш құралдарды таба алады
Оқушылардың басым бөлігі: қолданылған көркемдегіш құралдардың қолданылу мақсатына баға бере алады
Кейбір оқушылар: Алған білімдерін жинақтай отырып, қазіргі өмірмен байланыстырады,баға бере алады.
|
Бағалау критерийлері
|
шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды;
көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды.
алған білімдерін жинақтай отырып, қазіргі өмірмен байланыстырады,баға береді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: айтыс, тарихи кезең, саяси-әлеуметтік мәселе, т.б.
|
Құндылықтар
|
Жалпы құндылықтар (тәрбиелік элементтер):
▪ Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік
▪ Өмір бойы білім алу
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың іс-әрекеттері, сын тұрғысынан ойлау, талдау, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.
|
Пәнаралық байланыс
|
шығармада кездесетін сөздер мен тіркестерді ұғыну үшін «Қазақ тілі» пәнімен, байланыс жүргізіледі.
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар ұлттық сөз өнерінің бастауы саналатын халық ауыз әдебиеті және оның түрлері, айтыс жайында жалпылама түсінікке ие.
|
|