Сабақтың тақырыбы «Біржан-Сара»



бет1/6
Дата11.11.2022
өлшемі53,22 Kb.
#49524
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Біржан-Сара ашық сабақ


Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Пән:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Матибаева Ш.Е.

Сыныбы: 9ә

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

«Біржан-Сара» айтысының көркемдік ерекшелігі

Оқу мақсаттары

9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру

Сабақтың мақсаттары



Барлық оқушылар: шығармада қолданылған көркемдегіш құралдарды таба алады
Оқушылардың басым бөлігі: қолданылған көркемдегіш құралдардың қолданылу мақсатына баға бере алады
Кейбір оқушылар: Алған білімдерін жинақтай отырып, қазіргі өмірмен байланыстырады,баға бере алады.

Бағалау критерийлері



  • шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды;

  • көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды.

  • алған білімдерін жинақтай отырып, қазіргі өмірмен байланыстырады,баға береді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: айтыс, тарихи кезең, саяси-әлеуметтік мәселе, т.б.

Құндылықтар

  1. Жалпы құндылықтар (тәрбиелік элементтер):

  2. ▪ Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

  3. ▪ Өмір бойы білім алу

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың іс-әрекеттері, сын тұрғысынан ойлау, талдау, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

шығармада кездесетін сөздер мен тіркестерді ұғыну үшін «Қазақ тілі» пәнімен, байланыс жүргізіледі.

Бастапқы білім

Оқушылар ұлттық сөз өнерінің бастауы саналатын халық ауыз әдебиеті және оның түрлері, айтыс жайында жалпылама түсінікке ие.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет