Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет3/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Физиология лек. жинағы

Әртүрлі жағдайларға бейімделу. Организмнің күнделікті тіршілік жағдайларына, еңбек жүктемелеріне, ағзалары мен ұлпаларында үнемі қоректік заттар мен су тапшылығы, оттегі жетіспеуі, температуралық ауытқулары, газдардың үлестік (парциалдық) қысымының өзгерістері байқалады. Осы өзгерістер және оларды реттеуші жүйелер қалыпты физиологиялық механизмдер арқылы организмнің бейімделу негізін жасайды.
Температура әсеріне бейімделу. Организм қоршаған ортаның температура өзгерістеріне әртүрлі бейімделеді. Адам суық жерлерде немесе тоңазытқыштарда жұмыс істегенде, алғашқы кезде оның жылу өндіруі тиімсіз, орасан көп, ал жылу шығаруы әлі де жеткіліксіз болады. Кейін жылу өндіру мен жылу шығару процесі теңестіріліп бейімделістің тиянақты кезі қалыптасады. Сөйтіп бұл адамның өзіне тән температуралық режимі пайда болады. Мұнда бейарнамалық бейімделу құбылыстары мен қатар, суықты қабылдауды бейімдейтін және дене температурасының белгілі ырғағын жасайтын арнайы механизмдер қатысады.
Олардың ішінде суық тітіркендіргіштер әсер еткенде, бүрек үсті безінің ми қабатында катехоламиндер көп өндіріледі. Бұл катаболизмді, липолизді күшейтіп, жылу өндіруді ұлғайтады. Оған АКТГ мен глюкокортикойдтар қатысады. Мәселен, адам солтүстік ендікке мекен ауыстырғанда, алғашқы кезде жылу өндіру мен жылу шығарудың тепе – теңдігі байқалмайды. Көбнесе, жаңа жағдайда тиянақты икемделу үшін жылу өндіру ерекше орын алады. Жалпы энергия шығынын азайтып, жылу гаместозын тұрақты сақтау үшін ОЖЖ- нің нәрлендіру әрекеті төмендейді. Температуралық талдағыштың суыққа сезімталдығы әлсірейді, өкпе желдетілісі азаяды, оттегін пайдалану жеңілдейді, артериялық қан қысымы төмендейді. Кейде бейімделу кезінде адам тез шаршайды, жиі ентігеді, психикалық әсерленісі өзгереді. Мұндай синдромның пайда болуына жоғары қарқынды ғарыштық сәулеленіс (радияция) әсер етеді. Кейбір адамдарда нашар даярлықтан және бейбарабар психофизиологиялық жүктемелерге төзе алмағандықтан бейімделу бұзылады. Мұны «полюстік ауру » деп атайды.
Балалардың температуралық өзгерістерге әсерленісі жас кезеңдеріне сәйкес жетіледі. Алғашқы балалық шақта жоғарғы температурадан гөрі салқындықты жақсы көтереді. Бұл, әрине, олардың жылу реттелісінің толық жетілмегендігін көрсетеді. Өйткені балалардың осы жас кезеңдерінде жылу реттелуі, терісінің құрылысы, оның тамырлануы (васкуляризация) жете қалыптаспайды. Сондықтан тері бездерінің саны жеткілікті болғанымен, терлеу әсерленісі организмнің жылу шығаруын толық қамтамасыз етпейді. Жас ұлғайған сайын терлеу күшейе түседі. Балалар өмірінің алғашқы айларында тер әрі суықтық, әрі жылылық тітіргендіргіштерге бірдей шығады. Бір жасқа дейінгі балаларда, үлкендерге қарағанда, іншара рефлекстік терлеу өте жоғары температурада байқалады. Сонымен бірге балалардың дене аумағы мен салмағының арақатынасы үлкен болғандықтан, организмнің жылу шығаруы қарқынды өтеді. Балалық шақта басталған климатқа бейімделіс өте тиімді және орнықты болады. Өйткені жас организм, оның тектік аппараты бейімделістің өте зор және жан-жақты құрылымдық негізін жасайды. Әрине бұл үшін балалардың қалыпты тұлғасын, жүйке-психикасының дамуын, жоғары иммуналдық әсірбелестігін қамтамасыз ететін, олардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жағдайлар жасалуы тиіс.
Организм жоғарғы температураға су- тұз алмасуын реттейтін эндокриндік жүйелер арқылы икемделеді. Антидиурездік гормонның (АДГ) сөлінісі белсендендіріледі. Себебі көп терлегендіктен, организмде су мөлшері азаяды, алосморецепторлар арқылы гипоталламусқа мол ақпарат жеткізеді. Сөйтіп АДГ бүйрекке әсер етіп, судың қайта сіңірілуін (реабсорбциясын) күшейтеді де, диурезді тежейді.Сонымен қатар бүйрек үсті безінің қыртыс қабатында минералокортикойдтар(альдестерон) көп түзіледі. Мұндай сөліністі тер арқылы жойылған натридің мөлшері демеп отырады. Сөйтіп ұлпалардағы тотығу құбылыстарының белсенділігінің төмендеуі, жылу шығаруының күшеюі, су- тұз алмасуының баланысы мен гормондық реттелудің режимдері тиянақты жылулық бейімделісті қамтамасыз етеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет