Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет8/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66
Байланысты:
Физиология лек. жинағы

Шаршау пайда болу кезеңдері. Шаршаудың екі түрлі кезеңі болады: компенсирлық және компенсирлық емес. Компенсирлық кезеңде жұмыс қабілетінің айтарлықтай нашарлауы байқалмайды. Атқарылатын жұмыс ағза жүйесінің күшті жұмылдырылған қызметінің негізінде орындалады да, жүйке жүйесінде айтарлықтай өзгеріс болмайды. Көпшілігінде жоғарғы жұмыс қабілеті жүргізілетін қозғалыстың жағдайына байланысты жүзеге асады.
Жұмыстың айналмалы түрін орындау барысында бұлшық еттің қатысуы мен атқарылатын жұмыстарды орындауда бұлшық еттің жиырылуы азайып күш – қуатты азайтады.
Осының салдарынан жүгіру кезінде қадамның арақашықтығы қысқарады. Компинсирлік кезеңде бұлшық еттің жиырылу күшінің азаюы қозғалысты жиілету арқылы толықтырылады. Сонымен қозғалыс жағдайын өзгерту арқылы, басқаша айтқанда, қадамдатуды жиілету арқылы белгілі уақыта қол жеткен жылдамдықты ұстап тұруға болады. Компенсирлік кезеңдегі шаршаудың ұзақтығы жаттыққан спортшыларда көп, ал жаттықпағандарда аз болады. Бірақ жұмыстың соңына таман, шаршаудың әсерінен, жаттыққан спортшының да қимылы төмендейді. Қол жеткен жылдамдықты ұзақ уақыт ұстап тұра алмау компенсирлық емес кезеңнің басталғандығын білдіреді. Осы кезеңде қадамның арақашықтығы, жиілігі қысқарады.
Шаршаумен күрес.Шаршауға қарсы күрестің ең маңызды түрі төзімділік және спорттық техниканы толық меңгеру. Жақсы дәрежеде жетілген техника бұлшықет жиырылуын үнемдеуге және оның толық босаңсуына мүмкіндік бермейді.
Шаршауды азайту үшін инерциалды күшті (екпінді күшті) пайдалануы мүмкін. Бұл кезде спортшыға аздап демалуға жағдай жасалынады. Орташа және қашық аралықтағы дистанцияға жүгіру кезінде еркін жүрісті ажыратылу деген болатын. Бұл қарапайым жүгіріспен салыстырғанда бұлайша жүгіру қатты салмақ түсетін бұлшық еттерге еркіндік беріп демалдыру жүзеге асырылады. Бұл кезде спортшы жүгіру қарқынын азайтпайды, бірнеше метрге екпінмен жүгіреді де, бұрынғы қарқынына қайта түседі.
Бұлшықет жағдайын шаршағанда дұрыс пайдалануға және ағзаның ішкі өзгерістеріне қарамастан жақсы жұмыс істеуіне жағдай туғызады. Бұндай қабілеттілікті жақсы жетілдіруге жаттығу кезінде демалыстың жиілігін ұстап қалуды, немесе азайтуды ұсынады. Жаттығу жұмыстарын таулы жерлерде, тау алқаптарында жүргізу келешегінде жақсы нәтеже береді, себебі ағзаға қажетті оттек мөлшерінің жетімсіздігі келешекте пайдалы болады.
Шаршаумен қарсы күресте бұлшықет күші бірдей деңгейде жұмсалу өте қажет етіледі. Қауырт жұмыс жүргізуден гөрі бір деңгейде жүргізілген жұмыс адамды қатты шаршаудан сақтайды. Шаршаудың пайда болуына эмоционалдық факторда әсер етеді. Жағымды эмоция симпатикалық - адреналды жүйенің жұмысын күшейтіп, оның жұмыс қабілетінің ұзақ мерзім бойына ұстауға жағдай жасайды.
Бұлшықет жұмысын қалпына келтіру процесі қалыптасу құралдарын пайдаланудың физиологиялық негіздері.
Қалыптасу процесінің мінездемесі. Ағзаның қалыптасуын қалпына келтіру үшін бір – бірімен тығыз байланысатын процестердің жұмысы жүреді. Күш қуатты қалпына келтіру кезінде ыдырау және қалыптастыру жұмыстары болады. Қалыптасу процесі жұмыс аяқталған кезде жүзеге асады. Ағзаның жұмыстан кейінгі пайда болатын жағдайы қалыптасу мерзімі деп аталынады. Қалыптасу мерзімінің жұмыс кезінде жұмсалған энергия (күш – қуат)шығынын қалпына келтіреді.
Ерте және ұзақ қалыптасу кезеңі болады. Ерте қалыптасу бірнеше минуттармен есептелсе, ұзақ қалыптасу бірнеше сағаттар немесе тіпті тәулік бойына созылады.
Қалыптасу процесі бірқалыпты өтпейді. Бұлшықет және ағзаның кейбір функцияларының жұмыс қабілетінің қалыпқа түсу жағдайы фазалық мінездемесі әртүрлі уақытты, ұзақ мерзім ішінде (гереохромды) болады.
Қалыптасу процестерінің бірқалыпты болмауы, ағзадағы жылу алмасу функциясы бастапқы қалпына әуелі тез, кейін жәй келеді. Мысалы, орташа дәрежедегі жаттығуларды орындағаннан кейін бірінші 5 минутта оттегі қажеттілігін жою 5 есе тиіс жүреді де, келесі 13 минутта ол қалпына түседі. Қалыпқа келу мерзімінің жылдамдығы кейбір оттек фракциясына тең болмайды.
Ал лактатық оттегі қажеттігі алактатық оттегі қажеттігінен 40-50 рет тезірек қалпына келеді. Қалпына келу фазасы жұмыс қабілетінің деңгейінің ауытқуы бұлшықет шаршауына байланысты жұмыстан кейін бірден жұмыс қабілеті фазасының нашарлауы мен байқалады. Кейін жұмыс қабілеті бұрынғы қалпына келеді. Келешегінде жұмыс қабілеті қалпына келіп, бұрынғы деңгейінен де асып түседі. Бұны жұмыс қабілеті фазасының жоғары деңгейі деп атауға болады. Бұдан кейін жұмыс қабілеті әлсірей бастайды. 103 - сурет

Бұлшық еттердің жұмыс істеу және жұмыс
істегеннен кейінгі зат алмасу процесінің қарым қатынасы
Қалыпқа келудің фазалық мінездемесі күш – қуат заттарының қорының өзгеруімен дәлелденеді. Бұлшықет жұмысынан кейін бұлшықеттегі гликоген құрамы төмендейді, ол алғашқы деңгейге дейін көтеріліп, содан кейін жоғары деңгейдегі қалыпқа келу фазасы басталады. Содан соң оның деңгейі төмендеп алғашқы қалпына қайта келеді. Сонымен қайта қалпына келу жағдайы жұмсалынған қуат бұрынғы деңгейге бірден келе қоймайды, белгілі уақыт өткеннен кейін адам денесі бұрынғы қалпына келеді. Қалыпқа келудің кейбір жеке фазасы атқарылған жұмыстың жағдайына байланысты болады. Мысалы, күш – қуатты өте көп жұмсауға тура келетін жаттығуларда (штанга көтеру қатты шаршағанға дейін жұмыс жүргізу). Алғашқы 7-120минут аралығында жұмыс қабілеті бұрынғы қалпына келе алады. Келесі кезеңдерде (13-20минут) аралығында көтеріңкі жұмыс қабілетінің фазасы басталып,белгілі уақыттан кейін қайтадан төмендеу басталады.
Бұлшықет жұмысын қалпына келтіру процесі қалыптасу құралдарын пайдаланудың физиологиялық негіздері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет