Пайдаланған әдебиеттер:
Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010
№15 Лекция
Сабақтың тақырыбы: Жас спортшыларды жаттықтырудың және оларды іріктеудің физиологиялық негіздері
Сабақтың жоспары:
1.Спорттық іріктеудің жалпы ережелері.
2.Спортшының морфологиялық ерекшеліктеріне және физиологиялық сапасына тұқымқуалаушылықтың әсері.
Балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайындығының құрамдас бөліктері анықталатын алғашқы спорттық дайындық сатыларында жаттықтырушының негізгі әдісі тұлғаны ойша бағалау болып табылады. Соматикалық дамуды, сомативті анықтау іс – тәжірибесі бірқатар белгілер бойынша ойша бағалауды қарастырады. Мұнда 3 ұпайлық даму бағасы пайдаланады. Бұлшық ет шымырлығы кіші бұлшық ет бедері айқын есем, үлкен – бұлшық ет бедері өте анық, орташа – осы екі бағалау аралығы.
ХХ – ғасыр шектен тыс жоғары әлеуметтік – психологиялық ырғақтылықпен сипатталады. Физикалық жүктеменің көлемі төмендеді. Қазіргі заманда адамдарында қимыл белсенділігі кенет төмендеп, гиподинамия мен гипокинезия көбейеді. Бергтің есебі бойынша бұдан 100 жыл бұрын бұлшық ет қызметі 96% болса, қазір бір болғаны 1%-ке тең. Өте аз өзгеретін биологиялық процестердің сипаттамасын еске алған дұрыс. Мысалы, физиологиялық және биологиялық процестердің деңгейі бойынша бұрынғы адамдар кроманьонцтар (физикалық белсенділігі өте жоғары болған адамдар деңгейінде). Ал қазіргі адамдарда бұл белсенділік жоқ. Физиологиялық белсенділік пен қанағат арасында қарама – қайшылық пайда болып, ол гиподинамия ауруына әкеп соқтырады. Бұл ауру тірек-қимыл аппаратын өзгертеді. Сонымен қатар бұлшық ет жасушаларында белок ыдырауы күшейіп, олардың мембранасы арқылы амин қышқылдарымен ферменттер жеңіл өтеді. Гиподинамия кезінде жүрек-тамыр жүйесінде жүрек бұлшық ет массасы мен қуыстардың пішіні тарылады. Бұл кезде жүректің соғу жиілігі мен диастолалық қысым көтеріліп, систолалық қысым артады. Ол ұйқыға, селқостыққа және енжарлыққа жетелейді. ІІІ – ғасырдағы ұлы ойшыл Аристотелдің айтуынша ағзаны жұмыссыздықтай ештеңе бұза алмайды.
2. Спорттық жұмыс қабілеттіліктің тұқымқуалаушылығының гинетикалық көрсеткіштері. Жоғары дәрежелі спортшылардың физиологиялық модельдері. Физиологиялық модельдік мінездеме мен спорттық іріктеу. Іріктеудің биологиялық өлшемдері.
Ағзада барлық жүйелердің қызметін іске қосатын, бұлшық ет белсенділігі кезінде энергияның күшті генраторы болып табылады да, қаңқа бұлшық еттері 40% құрайды. Дене тәрбиесімен үнемі шұғылданатын адамдарда негізгі зат алмасу 5-20%-ке көп болады. Проприорецепторлардан келіп түскен афферентті импульстер орталық жүйке жүйесін жандандырады да, жүйке орталықтарының үйлестігін жақсартады. Аэробты жаттығулар психикалық және дене саулығын реттейді. Бұл кезде спортшының өзіне сенімділігі күшейіп, қатар қимыл компоненттеріне қарағанда белсенді, яғни үйреншікті жұмыс кезінде қабілеттілігі артады. Бұлшық ет қызметі қорғаныс факторы болып табылады да, нәтижесінде көңіл күйлер қан қысымының көтерілуіне әкеп соғады. Тамақтану тәртібін сақтағанда дене салмағының бір қалыпта тұруын байқауға болады. 0,5 кг-ға салмақты азайту үшін 1000ккал энергия жұмсау қажет. Дене тәрбиесімен шұғылдану үлкен әлеуметтік рөл атқарады. Дене шынықтыру болдырмауға мүмкіндік жасайды. Тірек-қимыл аппараты арқылы жүзеге асады. Жастық шақта сүйек ұлпалары жақсы қатайып дамиды. Егде жаста сүйек нәзік те мөрт келеді. Қандағы эритроциттердің саны мен оттегінің сыйымдылығы біртіндеп артады. Ас қорыту процестері жақсарып, аэробты мүмкіншіліктер өседі.
3.Спорттық іріктеу әдістемесі. Спорттық дарын проблемалары. Морфологиялық және спорт физиологиясында статистикалық әдістерді қолданудың ерекшеліктері.
Айқасқан тиімділіктер: бұл кезде резервті мүмкіншіліктердің деңгейі өседі. Денсаулықтың деңгейін өмір сүруді қамтамасыз ететін негізгі жүйелердің функциональды мүмкіншіліктері бойынша, не болмаса жүрек-тамыр және тыныс жүйелері арқылы өлшеуге болады деп тұжырымдайды. Оттегінің барынша қажеттілігінің деңгейі қаншалықты жоғары болса, оның көрсеткіші соншалықты маңызды болып, ағза қолайсыз факторларға қарсы тез бейімделеді. Ол денсаулықтың өлшемі болып табылады. Таңертеңгі гимнастиканы физиологиялық негіздеу. Ол бұлшық еттерден афферентті импульстер түсіп орталық жүйке жүйесін жандырады да, оның жұмыс қабілеттілігін шұғыл арттырады. Күнделікті шұғылдану тірек-қимыл аппаратына, жүрек-тамыр, тыныс жүйелеріне және ас қорыту мүшелеріне тиімділік жасайды. Таңертеңгі гимнастика ағзаны шынықтыруға тиімді ықпал етеді. Өндірістік гимнастика жұмыс басталар алдында кіріспе түрде өткізіледі. Ол орталық жүйке жүйесін қоздырып, қан айналым, тыныс алу қызметтерін көтеріп, ағзаны жұмысқа дайындайды. Статикалық бұлшық ет күші барынша зорланумен сипатталып, изометриялық жарылуда бұлшық етті дамытуы мүмкін. Бұлшық еттің орасан зор күші лабораторияолық жағдайда жүйкеге немесе бұлшық етке барлық бұлшық ет талшықтарын қоздыратын токпен әсер еткендей, ерекше күшпен анықталады. Физикалық машықтанған бұлшық еттердің массасы артады да, оның жұмыстық гипертрофиясы дамиды. Бұлшық ет гипертрофиясы саркоплазматикалық және миофибриллярлық болып екі тике бөлінеді. Бірінші типте саркоплазма көлемі біркелкі арта түседі де, мотохондрия сандары өсіп, қылтамыр саны көбейеді. Бұл типтегі гипертрофия төзімділік артады да, күш шамалы өзгереді. Адамның шапшаңдығы қозғалысты уақыттың қысқа мерзім ішінде орындау қабілетінен көрінеді. Ол қимылдық аппарат қызметінің ерекшеліктері мен қозғалысты нейрогуморалды реттеудің физиологиялық механизмдеріне, биомеханикалық факторларға байланысты ыдырау жылдамдығы мен АТФ, КФ ресинтезін және басқа қаржы – қайрат көздеріне, сондай-ақ адамдардың морфофункциональді ерекшеліктерін қамтамасыз ететін жылдамдық қарапайым және комплексті болып бөлінеді.
Бақылау сұрақтары:
Қазіргі заманда адамдарында қимыл белсенділігі қандай дәрежеде?
Таңертеңгі гимнастиканы физиологиялық негіздері?
Достарыңызбен бөлісу: |