Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет40/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66
Байланысты:
Физиология лек. жинағы

Қан айналым жүйесі. Жүрек соғу жиілігі мәреге жеткенде минутына 150-180 рет соғады, жұмыс қуаты өскенде минутына 200-220 рет соғады.
Қан жүйесі. Қанда эритроциттер және гемоглобин мөлшері көбейеді. Миогенді лейкоцитоздың 2-ші нейтрофильді фазасы басым. Сүт қышқшының концентрациясы жоғары. Сілтілі резерв біршама төмендейді.
Зәр шығару жуйесі. Тері бездерінің қызметі өте қарқынды. Судың көп жұмсалуы (терлеу) зәр түзілудің азаюына әкеледі. Зәрде белок пайда болады.
Сауықтырулы жүгіру. Жугіру — жекелей тірек фазасының ұшу фазасымен кезек алмасуынан тұратын табиғи қимыл.
Қозғалыс техникасы бойынша қысқа қашықтыққа жүгіру күрделі. Әсіресе сөре жылдамдығын алуға үйрету қиын.
Жеңіл атлетті жүгірудің қысқа, орта, ұзақ және өте ұзақ дистанциялары - жоғары, субмаксимальді, үлкен және сылбыр қуаттағы циклді жұмыстарға тән мысалдар. Әсіресе 100 метр дистанцияда — жоғары, 800-1500 метр дистанцияда — субмаксималды, 5000 метр дистанцияда — үлкен, марафондық дистанцияда — сылбыр қуаттағы жұмыстар айқын байқалады. Қалған дистанциялар аралық болып табылады. Жүгіру жылдамдығына байланысты олар әр түрлі қуаттағы жұмыс аймағына кіруі мүмкін. Мысалы, 28-29 минутқа тең нәтиже кезіңдегі 10000 метр жүгіру үлкен қуаттағы жұмысқа жақын. Егер бұл дистанцияны созуға 30 минуттан көп уақыт жұмсалса, онда сылбыр қуатгағы жұмысқа жатады.
Орталық жүйке жүйесі. Жаттығу процесі нәтижесінде жүгірушіде жүгіру техникасы негізінде жататын жүйке процесінің бір сарынды динамикалық стереотипі қалыптасады.
Анализатор. Жарыс жағдайында жүгірушіге қарсыласының әрекетін тез және дәл қабылдауы, спорттық процестің барлық жағдайын және бұлшық еттер күшін дәл реттеуі қажет. Ойлы-қырлы жермен және кедергімен жүгіру кезіңде көру және проприорецептивті талдау қызметі жоғарылайды.
Кимыл аппараты. Әр түрлі дистанцияға жүгіру кезінде бұлшық еттерге әр түрлі талаптар қойылады. Жедел жүгірудің нәтижесі ең бастысы тірек-қимыл аппаратының құрылымдық-қызметтік жағдайына байланысты. Спринт спортшының бұлшық еттері жерден көтерілу қуатын қамтамасыз ететін кушті игеруі керек, сонымен қатар бұлшық еттің жарылыс сапасын анықтайтын тез жиырылуға және жылдам-күштік сапаны нәтижелі орыңдауға және жүгірудің ең жоғары жылдамдығына жетуге мүмкіндік беретін тез босаңсуға қабілетті болуы керек.
Жоғары класты спортшылардың бұлшық ет күші, олардың "жарылыс" сапасы және әсіресе бұлшық еттің тез босаңсу қабілеті төменгі дәрежелі спортшыларға қарағанда жоғары /1-сурет/.
"Жарылыс сапасы" Әр түрлі дәрежелі спринттердің санының төртбасты бұлшық еттерінің қызметтік қасиеті (В.В. Высочин бойынша).
Штрихталған бағана спорт шеберлерінде;
Ақ бағана — бірінші разрядты спортшыларда;
А — бұлшық еттің жиырылу жылдамдығы;
Б — бұлшық еттің барынша жоғары күші;
В — бұлшық еттің босаңсу жылдамдығы.
Қадам ұзындығы мен жиілігі әр түрлі жүгірушілерде әр түрлі. Дистанциадағы қадам жиілігі — жылдамдыққа байланысты болатын маңызды факторлардың бірі.
Спринт спортшының бұлшық еттері ең бастысы анаэробты жағдайдағы жұмысқа бейімделуі тиіс. Мұндай жағдайда АТФ-тың қалпына келу қарқыны дистанция бойында жылдамдықты ұстап тұру үшін маңызды қызмет атқарады.
Орташа дистанцияға жүгіру кезінде бұлшық еттерге қойылатын талаптар, спринт спортшыға қарағанда басқаша. Бірақ осы және одан ұзақ дистанцияда бұлшық еттерді тез босаңсыту қабілеті жоғары жұмыс қабілетін қамтамасыз ететін маңызды сапалардың бірі болып табылады. Дистанция ұзарған сайын, аэробты процестер басым бола бастайды. Ұзақ және өте ұзақ дистанцияға жүгірушілерде бұл процестер басты болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет