Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары


Тыныс алу жүйесі және энергияның жұмсалуы



бет41/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66
Тыныс алу жүйесі және энергияның жұмсалуы. 100 метрге жүгіргенде тыныс алу перең емес және жиі. Өкпенің желдетілуі 8 литр, оттегі суранысы 100 метрге жүгіргенде жүгіру жылдамдығына байланысты 6-13 литр. Оттегі қарызы 90%-дан жоғары.
Орташа қашықтыққа жүгіргенде тыныс алу жиілігі және тереңдігі жоғарылайды, өкпенің желдетілуі минутына 150 литр/ оттегі тұтыну
минутына 4-5 литр. Барлық оттегі сұранысы 30 литр және одан жоғары. Оттегі қарызы қашықтық ұзарған сайын өсе түседі. Мысалы, 800 және 1500 метрге
жүгірген кезде ең жоғарғы шегіне жетеді, яғни 15-20 литр және одан жоғары.
Орташа қашықтыққа жүгірушілерде анаэробты және аэробты мумкіншіліктері жоғары дамуы керек.
Б.Салтин және О.Астранд деректері бойында жоғары дәрежелі орташа қашықтыққа жүгірушілерде оттегі тұтыну шегі орта есеппен 76 мл/мин/кг, ВЛ.Карпман деректері бойынша – 69 мл/мин/кг.
Ұзақ қашықтыққа жүгіргенде тыныс алу жиілігі, өкпенің желдетілуі орташа қашықтықтағындай. Оттегі сұранысы жүгірген спортшының деңгейінде ең жоғары шегіне жетеді. Осыған қарамастан оттегі сұранысы толық қанағаттандырылмайды, соңдықтан пайда болатын тұрақты күй жалған болып табылады. Нәтижесінде оттегі қарызы пайда болады. Оның мөлшері жүгіру такгикасына байланысты. Егер спортшы жедел жүгіріп, тез мәреден өтсе, онда оттегі қарызы 12 және одан жоғары мөлшерге жетеді. Барлық оттегі суранысы 5000 метрге жүгіргенде 80-90 литр, 10000 метрге 100-130 литр. Мұндай жұмыста АТФ-тың қалпына келуі аэробты жолмен жүзеге асады. Сондықтан ұзақ қашықтыққа жүгірушілер үшін ОТШ-нің жоғары мөлшері тән.
Шаңғы тебу. Шаңғышының қимылы циклді сипатта болса да, қимылының құрылымы және жұмысының қуаты тас жолдың рельефіне байланысты үнемі өзгеріп отырады.
Қимыл құрылымы көтерілу және төмен түсу кезінде ғана емес, тегіс жерде қозғалыстың бір әдісінен екіншісіне өткен кезде де өзгереді. Шаңғышының жұмыс қуаты тауға көтерілгенде тез жоғарылайды, төмен түскенде төмендейді.
5-10км-ге шаңғымен жүгіру үлкен қуат аймағына, 15, 30, 50 және одан жоғары км-ге жүгіру сылбыр қуат аймағына жатады. Шаңғышының жұмыс қуаты, жылдамдығы метеорологиялық жағдайға байланысты. Қарсы алдынан соққан жел, жоғары ылғалдылық және ауаның төменгі температурасы, қалың қар спортшының қозғалысын қиындатады, жылдамдығын төмендетеді. Жылдамдықтың азаюы әрбір бір метр жолға энергияның көп жұмсалуымен байланысты болады.
Қимыл аппараты. Шаңғымен жүгіру жалпы және жылдам төзімділікті, күшті дамытады. Аяқ-қол бұлшық еттері жұмысының нәтижелілігі олардың күш сапасының дамуымен байланысты.
Шаңғышының қозғалысы әр түрлі, қимыл үйлестігі бойынша күрделі. Спортшы тегіс жерде әр түрлі әдістермен қозғалуды қамтамасыз ететін қимыл дағдыларын игеруді ғана емес, сонымен бірге осы қимыл дағдыларын күрделі жағдайда қолдана білуі керек.
Шаңғышының техникалық дайындығы жоғары нетижеге жету үшін үлкен қызмет атқарады. Шаңғымен қозғалу кезінде жұмысқа дененің барлық бұлшық еттері қатысады. Сондықтан, шаңғышының басқа спортшылардан айырмашылығы - бұлшық еттерінің бірыңғай дамуы.
Шаңғышының бұлшық еттері аэробты және анаэробты жағдайда жұмыс жасауға бейімделуі керек. Олар бұлшық еттерінің жоғары қозғыштығымен және нәзіктігімен сипатталады.
Анализаторлар. Қимыл дағдыларының күрделілігі және трасса рельефінің өзгерістері кезінде қозғалыс жылдамдығы мен бағыты тез өзгертудің қажеттілігі қимыл, көру және кіреберіс анализаторларына үлкен талап қойылады.
Шаңғышылар үшін жоғары проприорецептивті сезімталдық, тән. Көру қызметі, әсіресе перифериялық көру трасса рельефінің өзгеруі кезінде шаңғышының бағыты үшін өте қажет. А.Н.Крестовников деректері бойынша жоғары дәрежелі шануышылардың көру аймағы үлкен болады.
Таудан төмен түскеңде, әсіресе үлкен жылдамдық кезінде тепе-теңдікті ұстау кіреберіс анализаторының жоғары қызметтік тұрақтылығын талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет