Сабақтың тақырыбы Бөлшек-сызықтық функция
бет 1/4 Дата 14.09.2022 өлшемі 311,15 Kb. #39047 түрі Сабақ
Байланысты:
б лшек-сызы ты функция ашы саба
Қысқа мерзімді жоспар Бекітілді:____________________
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
10.1А Функция, оның қасиеттері мен графигі
Мерзімі: 6.10.21 ж
Мұғалім: Қызырхан Балжан Қызырханқызы
Сынып: 10 «А»
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Сабақтың тақырыбы
Бөлшек-сызықтық функция
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
10.4.1.5 y = () - бөлшек-сызықтық функциясының қасиеттері және оның графигін салу
Сабақтың мақсаты
Бөлшек-сызықтық функциямен, оның қасиеттерімен танысу
Табыс критерийлері
- бөлшек-сызықтық функцияның қасиеттерін біледі ;
- графигін салу алгоритмін қолданып, графигін сала алады.
Тілдік мақсаттар:
Пәндік лексика және терминология:
Кері / қарапайым / квадраттық / тригонометриялық; оң / теріс функция;
мәндер кестесі, қисық, функция графигі , х/у осьтерінің графикалық орналасуы, жақшалар;
жартылай жазықтықтар / ширектер, симметрия / симметриялық ; тік / көлденең асимптоттар;
гипербола, анықтау аймағы.
Диалог/жазу үшін пайдалы фразалар сериясы:
Бүтін бөлігін бөліп алу;
Ох өсі бойымен солға (оңға) жылжу;
Oy осі бойымен жоғары(төмен) жылжу;
Тік (көлденең) асимптотаны анықтаңыз;
Гиперболаның симметрия центрін анықтаңыз ;
Ортақ бөлімге әкеліңіз.
Құндылықтарды дарыту
Топтарда, жұпта жұмыс істей білуге, сондай-ақ бірлікке, төзімділікке, жауапкершілікке , әділеттілікке, академиялық адалдыққа тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс
Информатика, қазақ тілі
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Блум таксономиясы
АКТ пайдалану дағдылары
SMART панель, GeoGebra, графикалық калькулятор сияқты бөлшек-сызықтық функцияның графигін құруға арналған қолданбалы бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалану.
Бастапқы білім
Функциялардың қасиеттері: анықталу аймағы , мәндер аймағы, монотондылық, таңба тұрақтылық аралықтары, функцияның нөлдері , функция графигінің координата осьтерімен қиылысу нүктелері, графиктің асимптотасы. Функция графигін түрлендіру ережелері.
Достарыңызбен бөлісу: