Цитохимиялық жəне гистохимиялық əдістер жасушаның, ұлпаның құрамындағы химиялық заттардың мөлшерін, сапасын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл əдіс химиялық реакциялар арқылы жасушалар мен ұлпалардың құрамындағы қосылыстарды тексереді. Қазіргі кездерде қолданылып жүрген тəсілдер арқылы жасушаның құрамындағы белоктарды, нуклеин қышқылдарын (ДНҚ, РМҚ), ферменттерді анықтауға болады. Мұндай заттарды анықтау үшін химиялық қосындылар мен клеткалардың немесе ұлпаның арасындағы реакцияның нəтижесінде заттардың боялып көрінуін қамтамасыз ету керек.
Мысалы, жасушаның құрамындағы РНҚ-ны анықтау үшін — галлоцианин бояуы қолданылады, ал оның жасушада барын білу үшін рибонуклеазамен РНҚ-ны ажыратады (немесе жояды). Сəуле спектрін өзіне сіңіру арқылы жасушаның құрамындағы химиялық заттардың мөлшерін есептеуге негізделген приборды