Сабақтың тақырыбы «Дала, сенің ұлыңмын»



Дата17.10.2023
өлшемі350,54 Kb.
#117626
түріСабақ
Байланысты:
№ 17 «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы және әлем 1


Сабақ

Мектеп:

Күні: 16.10.23

Мұғалімнің аты-жөні:



Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

«Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы және әлем

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.2.5.1 - әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Шығармадағы ұлттық құндылықты анықтайды;

Көптеген оқушылар:

  • Ұлттық құндылық көрінісіне шығармадан дәлел келтіреді;

Кейбір оқушылар:

  • Әлемдік тақырыппен үндестігіне талдау жасайды.

Бағалау критерийлері

  • әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдайды.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, зейінін сабаққа аудару.
Жағымды психологиялық ахуал.
ІІ. Қызығушылықты ояту. «Мендік пікір» арқылы Ж. Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасынан алған әсерін жеткізу

  • Мені қинағаны…

  • Мені түңілдіргені…

  • Мені жұбатқаны…

  • Мені өкіндіргені…

  • Мені үрейлендіргені…

  • Мені сүйсіндіргені…

  • Мені қуантқаны…

  • Мені қайраттандырғаны…

  • Менің тілегім…

  • Мені қызықтырғаны…

  • Біздің түйгеніміз:

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Оқушылар «Мендік пікір» арқылы Ж. Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасынан алған әсерін жеткізеді.






11-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы





Сабақтың
ортасы


ІІІ. Мағынаны тану. Әр топқа поэма үзіндісі беріледі. Поэма жолдарының мазмұндық құрылымына талдау жасайды.
1-тапсырма.
Поэма мазмұнын талдау үшін топтарға бірігіп, рөлдерін бөліп алады:
1-оқушы: таныстырушы- шығарма идеясы мен тақырыбын таныстырады.
2-оқушы: байланыстырушы – шығарма идеясын өмірмен байланыстырады.
3-оқушы:салыстырушы: шығарманы басқа ақынның осы мазмұндас шығармасымен салыстырады.
4-оқушы: суретші – поэма мазмұны бойынша сурет салады.
Бір рөл алған әр топтың мүшесі жаңа топ құрап, ой тізбегін құрастырады. Мазмұндық құрылым сақталуы тиіс.
Дескриптор:

  • шығарма идеясы мен тақырыбын анықтайды;

  • шығарма идеясын өмірмен байланыстырады;

  • шығарманы басқа ақынның осы мазмұндас шығармасымен салыстырады;

  • шығарма мазмұны бойынша сурет салады.

ҚБ
2-тапсырма.

Көтерілген мәселе

Ұлттық құндылық

Дәлел
(өлең жолы)










Кестені топта талқылап толтырады. Еліміздің тарихымен байланыстыра отырып, ұтымды пікір білдірулері тиіс.
1-топ.
Дала, сенің ұлыңмын!
Туған дала достар түгіл қастарсың
Айта алмайтын құдіретті дастансың
Бақытын бер бірақ келер ақынның
Бір тарауын мына менен басталсын.
Биік санап өз аспанын , өз айын
Басынғанның тартқызайын сазайын
Жабырқасаң , жаның болып күйзеліп,
Ашулансаң, жүйкең болып тозайын.
2-топ.
Фәниден тез аттанармын аттансам
Тірлігім не тағдырымнан шет қалсам?
Қаның болып лапылдайын қуансаң,
Көзің болып күлімдейін шаттансаң
Және осыған жалпақ елді үндеуден
Мәңгі бақи жалықпасын бұл кеудең
Сақта сендік қасіретті сезбеуден
Сақта сендік қасиетті білмеуден
3-топ.
Уақыт қана емдей алар емдесе
Ауыр дертке шалдықпаған ел неше
Қайғырыпсың қара аспанның астында
Қара тау боп сен кеше
Шаттандырып азаттығын, теңдігін
Мақтандырып қазақтығын елдігін
Дескриптор:

  • шығармадағы көтерілген мәселені анықтайды

  • шығармадағы ұлттық құндылықты анықтайды;

  • Шығармадан дәлел келтіреді.

ҚБ

Әр топқа поэма үзіндісі беріледі. Поэма жолдарының мазмұндық құрылымына талдау жасайды.

Кестені топта талқылап толтырады. Еліміздің тарихымен байланыстыра отырып, ұтымды пікір білдірулері тиіс.


Шығармадағы көтерілген мәселені анықтайды
• шығармадағы ұлттық құндылықты анықтайды;
• Шығармадан дәлел келтіреді.




ҚБ






Ж. Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын»
А4 форматты қағаздар.

Шығарма жолдары жазылған қағаздар.





Сабақтың
соңы
5 минут

Кері

  • 1.Бүгін мен өзіме қандай 3 жаңалық аштым?

  • 2.Менің үйренген 2 нәрсем...

  • 3.Жүзеге асыратын 1 - қадамым





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет