Сабақтың тақырыбы: «Дербес компьютердің перифериялық құрылғылары»



бет2/5
Дата02.12.2023
өлшемі46,23 Kb.
#132032
түріСабақ
1   2   3   4   5
Ақпаратты енгізу құрылғылары.
Клавиатура ақпаратты енгізуге арналған негізгі құрылғы. Ең көп тараған клавиатуралар 101 және 102 пернелерден тұрады.
Клавиатурадағы пернелерді төмендегідей блоктарға бөлуге болады: алфавитті-цифрлық пернелер, олар перне тақтаның сол жағына орналасқан. Ол клавиатураның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл бөлікте латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілер және басқа да символдар орналасқан.

  • функционалдық пернелер, бұл символдық пернелердің үстіндегі жолға орналасқан. Олар латынның F (F1, F2, …, F12) әріптерімен белгіленген. Функционалдық пернелер компьютерде күрделі амалдарды тез орындауға арналған.

  • Цифрлық пернелер немесе калькулятор блогы, олар символдық пернелердің оң жағына орналасқан.

  • Курсорды экран бетінде басқару пернелері. Олар арқылы экранда символ орналасқан орынды анықтайды.

Жарық (световое) қалам ұшында жарық сезгіш детектор бар, кәдімгі қаламға ұқсас құрылғы. Егер осындай қаламды диплей экранына жақындатып тигізсе, онда жанасқан жерде координат бас нүктесі орналасқан тік бұрышты координат жүйесі пайда болады. Қаламды экран бетімен орын ауыстырса сурет пайда болады.
Графикалық планшет қағаз бетінде сурет салғандай дисплей экранында сурет салуға мүмкіншілік береді.
Сканер - қағаздағы көріністі дисплей экранына түсіруге арналған құрылғы, ол арқылы сурет, график, текстерді сканерлеуге (енгізуге) болады. Сканер көрністі машина кодына ауыстырып, компьютер жадына жазады.


Басқару құрылғылары.
Мышь (тышқан). Қазіргі кездегі компьютерлерге ақпараттарды енгізуге арналған маникулятор Мышь құрылғысымен жабдықталған. Тышқанның екі түрі болады: үш батырмалы және екі батырмалы. Екі батырмалы тышқан жиі пайдаланылады, себебі, ортаңғы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды.
Джойстик. Бұл компьютерлік ойындар экранда жылжитын объектіні басқаруға арналған рычагты манипулятор. Джойстик қораптан және қолға ұстағыштан тұрады. Қолға ұстағышты немесе қорапта бір немесе бірнеше батырмалар болады. Ұстағышты айналдыру және батырмаларды басу арқылы компьютерге басқару әрекетін береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет