Сабақтың тақырыбы: «Дербес компьютердің перифериялық құрылғылары»



бет1/5
Дата02.12.2023
өлшемі46,23 Kb.
#132032
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Тақырыбы: «Дербес компьютердің перифериялық құрылғылары»
Пән аты: Қолданбалы информатика
Күні:
Сабақтың тақырыбы: «Дербес компьютердің перифериялық құрылғылары»
а) білімділік: Оқушыларға дербес компьютер және оның құрылғылары туралы нақты білім беру.
ә) дамытушылық: Қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру.
б) тәрбиелік: Еңбекті сүйе білуге, компьютермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін есте ұстауға, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: қайталау


Сабақтың типі: білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру


Пән аралық байланыс: сурет, орыс тілі, қазақ тілі


Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
(берілетін теориялық білімнің мазмұны бойынша анықталады)


Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру
тәсілі бойынша: түсіндірмелі-көрнекі, репродуктивтік, ізденіс.


Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық


Сабақтың көрнекіліктері: 1. Оқу құралдары, компьютер,проектор, жылжымалы тақта,карточка
Жаңа сабақты түсіндіру: 15 мин

ДК - сыртқы құрылғылары
Мына суретте ДК сыртқы құрылғыларының классификациясы келтірілген.

6-сурет. ДК сыртқы құрылғыларының классификациясы

Мұнда тек кең тараған құрылғылар көрсетілген ЭЕМ-нің кассалық ақпаратпен, микрофонмен, видеокамерамен, видеомагнитофонмен, медициналық және т.б. мен бірге жұмыс жасауын қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар да бар.


Есептеуіш машиналар неше топқа бөлінеді Олар үлкен ЭЕМ-дер, мини ЭЕМ-дер,
микро ЭЕМ-дер, дербес компьютерлер
Үлкен ЭЕМ-дер өте қуатты компьютерлер, кәсіпорындарға, немесе халық шаруашылығының салаларына жұмыс істеу үшін қолданылады.Микро ЭЕМ-дер өнімділігі өте үлкен
ЭЕМ-дерге қарағанда төмен және олар негізінде деректер дайындау, программалық қамтамасыз етуін жетілдіру бойынша көмекші операциялар орындайды.
Мини ЭЕМ-дер өлшемдері шағын және өнімділігі мен құны да төмен. Олар өндірістік процестерді басқаруда, ғылыми мекемелерде,ғылыми жұмыстарды оқу ісімен үйлестіретін
ЖОО-да қолданылады. Дербес компьютерлер соңғы 20 жылда қарқындап дамып келеді. Олар “пайдаланушы” деп аталатын бір адамның жұмыс істеуіне арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет