Ширату тапсырмасы.
3.2.4.1 (МК; Ө; Ұ; Қ) Мəтінді мұқият тыңдап, негізгі ойды анықтау.
30-жаттығу. Мəтінді мұқият тыңдайды. Мəтін мазмұнымен жұмыс ұйымдастырылады. Мəтіндегі негізгі ой сұрақ-жауап əдісі арқылы анықтатылады. Мəтінді мазмұндайды.
(МК; Т) Топқа бірігу. Топтық тапсырмаларды орындау. Оқушылардың оқу рефлексиясын, сыни ойлауын дамыту мақсатында мəтін мазмұнымен жұмыс «Дананың кілттері» стратегиясының көмегімен жүзеге асады. Оқушылар
топтарға біріктіріледі.
1-топ. «Жаңа дизайн» кілті – Мəтін мазмұнын өзгертіп, жаңа жағдайда айту.
2-топ. «Егер де» кілті – «Егер бір күннің ішінде пайдалы жұмыс бітірмесең, онда бұл күніңді босқа өткіздім деп есептей бер» нақыл сөзінің мəнін талқылап, өз ойларын білдіріп, дəлелдейді.
3-топ. «Тағы қалай?» кілті – Мəтін неліктен «Жоғалтып алған күн» деп аталғанын талдап, өз ойларымен бөліседі.
4-топ. «Əліпби» кілті – Мəтіндегі қарамен берілген сөздерді тауып, əліпби ретімен жазады. Түбір сөздерге қосымшалардың жуан, жіңішке болып жалғану себебін анықтайды. Дəлелдеп, өз ой тұжырымдарын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |