Ширату тапсырмасы.
3.2.3.1 (Ө; Ж; Қ) Мəтінті түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру.
5-жаттығу. Мəтінді түсініп, мəнерлеп оқиды.
Оқушылар оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру арқылы мəтіннен игерген білімдерін пысықтайды.
(МК; Т) Түсіндірме сөздікпен жұмыс.
Жиһаз сөзінің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарап, талдайды.
3.3.5.1 (МК; Ө; Т; Қ) Х əрпі бар сөздерді теріп жазу.
Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
6-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазады. Оқушылардың бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып, көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.
Қарамен жазылған сөздерге назар аудартылады. Қарамен
жазылған сөздердің астын сызып, оларға сұрақ қояды. Бұл
сөздер қимыл иесі болып тұрғаны байқатылады.
Жұппен жұмыс жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді.
Ой сергек!
Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары-төмен қарайық,
Солға-солға түзу тұр.
Оңға-оңға түзу тұр,
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Бойымызға күш жинап,
Жақсылап бір дем алайық.
3.3.4.1 (Ө; Т) Мұғалімнің көмегімен сурет бойынша мəтін
құрастырып жазу.
7-жаттығу. Тапсырма топтық жұмыс түрінде орындалады.
Дескриптор:
Тілдік нормаларды сақтап сөйлеп, мəтіннің түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтап, салыстыра алады.
Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.
Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
|