Ширату тапсырмасы.
3.2.3.1 (Ұ; Т; Қ) Мəтінді түсініп оқып, бір-біріне сұрақ қою.
9-жаттығу. Мəтінді түсініп оқиды. Мəтіндегі маңызды ойды анықтайды.
(МК; Ж; Қ) Мəтін мазмұны бойынша сұрақ қою, жауап беру.
«Интервью» стратегиясы бойынша жұптық жұмыс ұйымдастырылады. Мұғалімнің басшылығымен мəтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақтар қояды, жауап береді.
(МК; Ұ) Түсіндірме сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау. Түсіндірме сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Мəтіннен өзі бұрын естімеген жаңа сөздерді табады. Тапқан сөздерінің
мағынасын түсіндірме сөздіктен қарайды. Талдау жасалады.
3.4.2.7 (Ө; Қ) Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ажырату. Мəтіндегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып, бұл сөздер нені білдіретінін анықтайды. Олар сөйлемнің қай мүшесіне қатысты екенін анықтайды.
Оқулықтағы жаңа ақпаратты оқытып, түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады. Мысалдар келтірту арқылы оқушылардың игерген білімдері пысықталады.
Дескриптор:
Тілдік нормаларды сақтап сөйлеп, мəтіннің түрлері мен құрылымдық
бөліктерін анықтап, салыстыра алады.
Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.
Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
|