Шығармашылық үзіліс.
8-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табады. Шешуі: аптаның жеті күні. Сызбадағы апта күндерін атап, сол күндері не істегенін əңгімелейді. (Т) Берілген тақырыптар бойынша іздену жұмысын
жасау. Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылып, түсіндіру
жұмыстары жүргізіледі.
1-топ. Уақыт туралы мақал-мəтелдер іздеу.
2-топ. Уақыт туралы жұмбақтар іздеу.
3-топ. Құмырсқа туралы өлеңдер іздеу.
4-топ. Уақытты тиімді пайдалану туралы көрініс қою.
(Т; Ұ; Қ) Топтық жұмысты бағалау. Берілген
тапсырманы орындау деңгейіне рефлексия жасау.
Жұмыстарын топта жариялау.
Оқушылар бір-бірінің жұмысын көңіл күйді білдіретін «Смайликтер» əдісі арқылы өз іс-əрекеттеріне рефлексия
жасап, бағалайды.
«Ойлан, Жұптас, Пікірлес»
(Ө; Қ) Суретке қарап, тірек сөздерді табу. Оқушылар дəптерде берілген тапсырманы оқиды. Суретке мұқият назар аударып, тірек сөздерді тауып жазады. Жазған жұмысын топта жариялап оқиды.
|
Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.
|
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.
|