Ширату тапсырмасы.
3.2.4.1 (МК; Ө; Т; Қ) Өлеңді оқу. Өз ойымен бөлісіп, пікір білдіру.
5-жаттығу. Өлеңді мəнерлеп оқиды. Топтық жұмыс ұйымдастырылады. Өлеңде қандай бала суреттелгенін айтып, өз ойларымен бөліседі. Ол неліктен жексенбі күні ауырып қалмағанына болжау жасайды. Жексенбі күнді қалай өткізетіндері туралы топта əңгімелейді. Өлең кейіпкері туралы өз пікірлерін айтып, талқылайды.
(МК; Т; Қ) Өлеңдегі баланың бейнесіне постер жасау. Оқушылар жасаған талқылауарына сүйеніп, өз қалаулары бойынша өлеңде бейнеленген баланы қалай елестететінін мұғалімнің басшылығымен суретін салу арқылы көрсетеді. Жұмыстарын топта жариялайды.
(Ө; Ұ; Қ) Басқа топтардың жұмыстарымен танысу. Стикерлерге өз көзқарастарын жазып, постерлерге жабыстыру.
«Галереяны шарлау» стратегиясы бойынша рефлексия жасау. Басқа топтың постерлерін оқиды. Оқушылар орындалған тапсырма мазмұнының ашылуын, безендірілуін ескере отырып, стикерлерге өз көзқарастарын жазып, постерлерге жабыстырады.
3.1.7.1 (МК; Ұ) Сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз
дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту. Оқушылардың назары өлеңдегі қарамен берілген сөздерге аударылады. Олардың айтылуы мен жазылуын салыстырып, өз ой тұжырымдарын жасайды.
3.1.7.1 (МК; Ұ) Сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту.
6-жаттығу. Кестені берілген үлгіге сүйеніп толықтырады.
Балаға Дүйсенбек, Жұмагүл деп ат қою себебін түсіндіріп, өз
ойын білдіреді.
|