Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
(Ө; Т; Қ) Жұмыстарын топта жариялап оқу.
Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты орындау жəне оны қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді жəне қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды.
Үлгі:
• тапсырманы орындау барысында тақырыптан ауытқымау;
• интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
• сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау.
Жұмыстарын топта жариялау.
(МК; Ұ; Қ) Өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа рефлексия жасау.
«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс- əрекеттеріне кері байланыс жасайды.
3.4.2.7 (Ұ) Сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш) мүшелерін ажырату.
Оқулықтағы жаңа ақпаратты оқытып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
3.4.2.7 (Ө; Қ) Сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш) мүшелерін ажырату.
8-жаттығу. Нақыл сөздерді көркемдеп жазады.
Мағынасына талдау жасайды. Киіз үйге қатысты тағы қандай нақыл сөздерді білетінін айтады. Алғашқы сөйлемді сөйлем мүшесіне талдайды.
|