Ұйымдастыру кезеңі «Команданы дұрыс орындаймын» әдісі Оқушылыр теңдей екіге бөлініп, екі қатар болып тұрады.
Мұғалім оқушыларға команда айтқан кезде, 1-ші қатар шеңбер, 2-ші қатар төртбұрыш болып орналасады.
Шеңберге іштей сызылған төртбұрыш
Шеңберге сырттай сызылған төртбұрыш
Оқушылар орналасып жатқан кезде, мұғалім әр оқушының қолына, әр түрлі түсті қағаздан қиылған дұрыс көпбұрышты беріп үлгереді. Осыдан соң оқушылар қолындағы фигураның түстері бойынша топтарға бөлінеді.
Топ «Бұрыш»
Топ «Қабырға»
Топ «Диоганал»
Топ «Төбелер»
Үй тапсырмасын тексеру Оқушылар дәптерлерін сағат тілімен бір бірлікке жылжытады, тақтадағы дұрыс жауаптармен тексереді. Оқушыларға мұғалім тарапынан қателеріне нұсқау беріледі.
Алдымен 8-сыныпта өтілетін кейбір түсініктерді қысқаша қайталап өтеміз.