Қуанамын менде, қуанасың сенде. Қуанамыз бәріміз, шыққан есептерге,- деп сабақты аяқтадық.
Мысалы, бүгінгі сабақ қызықты өтті, себебі ....., Менің бүгінгі сабақтан түйгенім ...., Қиындық келтірген тұстары ..., Маған бүгінгі сабақта ұнағаны ...., Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім ..., Болашақта мен ... Сабақ мақсатына жетті, оқушыларға сабақ нәтиже беріп, өз - өздерін реттеуге бағытталды.
Оқушыларға өткізген сабағым өте қызықты болды.
Сабақта интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер көрнекілік ретінде қолдану мақсатқа жетуге жетеледі. Ол оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық белсенділігін, дарындылығын дамыту факторларының бірі болып табылса, ұстаз үшін шеберлік пен сауаттылығын арттыра отырып, даму бағытына сәйкес іздемпаздыққа үйрету құралы болып табылады. Оқушылардың білімі ой шақыру, топтастыру, әңгімелеу, сұхбат құру кезеңдерінде тиімді ұйымдастырылып бақыланды.
Соңында оқушылардың бағалау парақшасы арқылы бағаланды.