«Ыстық орындық» әдісі Үй тапсырмасын тексеру сәтінен Топтарға топтық жұмыс ретінде өткен сабақтарды қайталап отырып, сандарды ажырата алу үшін семантикалық карта тараттым. Жеке жұмыс ретінде «Адасқан сандар»ойынын ойнаттым. Бұл жерде мен оқушылардың жекелеген жағдайда қай жерден қате жіберетінін, жай сандар мен құрама сандарды қаншалықты ажырата алатынын анықтай алдым.
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлату үшін «Ойлан тап» әдісі бойынша үш топқа бос торкөзге берілген санға бөлінетіндей цифр тауып қою үшін, оқушылар ақылдаса отырып, талдап, талқылап, топ болып бір шешімге келеді.
«Ойлан тап» әдісіндегі оқушылар іс-әрекетінен Олардың іс-әрекетін сырттай бақылай отырып, топ болып өтілген тақырыптарды қорыта отырып, бақылап, талдап, әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынғанын, әркімнің идеяларымен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылап баға беріп, сұрақ беріп, ортақ бір шешімге келуге тырысқанын байқадым. Математика үшін ерекше ескеретініміз ережелерді дұрыс қолдана білу. Талдау жасап, қорытындылағанда оқушылардың зерттеушілік қабілетін арттырып, ізденуіне ықпал еттім. Бұл жерде оқушыны ойната отырып, сыни тұрғыда ойлатып, өмірден мысал келтіріп, пәнді терең түсінуге жағдай жасадым. Осылайша қалған есептерді топ мүшелері қорытып шығарды. Осы тапсырманы бергенде мен не ұттым? Бұл жерде ережені қорытып шығару мен есте сақтауда мнемониканы пайдаландым, математиканың өмірде керек екендігін, өміршеңдігін айқындай отырып, өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындап, пәнді жақсы көруіне ықпал жасадым.
Келесі тапсырма «Бәріміз біргеміз» әдісі.Топтық тапсырма (постермен жұмыс)Өткен сабақтағы рефлексиялық әрекеттерден туындаған қажеттіліктерді өтеу мақсатында әр топтан бір оқушыдан шығып толықтырып, жан-жақты ізденіп, сыныппен бөлісті.
Бәріміз біргеміз» әдісі. Топтық тапсырма үстінде Сабақты бекіту үшін электрондық оқулықтан шағын тест ұсындым. Кейін оқушылар дрыс жауабын тақтадан қарай отырып, бір-бірін бағалайды. Алған білімдерін қорытындылау үшін тест тапсырмасын бердім. Бұл тапсырма арқылы «Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау» модулі негізінде жиынтық бағалауды көздедім. Тест тапсырмасы 5 сұрақтан тұрды. Мұғалім кері байланыс орната отырып, оқытуды жақсарта алады. Сондықтан әр сабағымда өтілген сабақ бойынша оқушылардың не үйренгенін, оған қалай қол жеткізгенін, нені дамыту қажет екендігін, қандай сұрағы бар екенін өздеріне ұсынған стикерлерге жазуын сұрадым. Сабағымның соңында кері байланыс орната отырып,
«Мақсат» стратегиясы бойынша стикерге пікірлерін жазады.
Бүгінгі сабақта қандай үш тапсырманы жақсы орындадың?
Келесі сабақта нені жақсартар едіңіз?
Оны қалай орындайсыз?
Оқушылардың сабақ соңындағы көңіл күйін білу үшін алдарына сары дөңгелекше таратылды. Өздері сол дөңгелекке өз көніл күйіне қарай отырып смайликтің суретін салды.