Сабақтың ортасы (6-40 минут)
|
ІІІ «Ыстық орындық» әдісімен бір оқушыға теориялық қайталау сұрақтары қойылады.
Жұп сандар деп қандай сандарды айтамыз?
Тақ сандар деп қандай сандарды айтамыз?
Жай сандар деген қандай сандар?
Құрама сандар деген қандай сандар?
Ең үлкен ортақ бөлгіш дегеніміз не?
Ең кіші ортақ еселік дегеніміз не?
ІV Есептер шығару. Әрбір топқа семантикалық карта таратылады.
а) Семантикалық карта (Бірін – бірі бағалау)
Әр топқа берілетін семантикалық карта:
|
0
|
1
|
10
|
27
|
34
|
45
|
Тақ сан
|
|
|
|
|
|
|
Жұп сан
|
|
|
|
|
|
|
Жай сан
|
|
|
|
|
|
|
Құрама сан
|
|
|
|
|
|
|
|
0
|
1
|
10
|
27
|
34
|
45
|
Тақ сан
|
|
|
|
|
|
|
Жұп сан
|
+
|
|
|
|
|
|
Жай сан
|
|
|
|
|
|
|
Құрама сан
|
+
|
|
|
|
|
|
Оқушы ізденісі.
ә) «Адасқан сандар» ойыны (жеке жұмыс)
Берілген сандардың ішінен жай сандарды бір бөлек, құрама сандарды бір бөлек жазыңыздар.
3, 5, 6, 7, 10, 11, 18, 23, 35, 54.
Жай сандар: 3, 5, 7, 11, 23.
Құрама сандар: 6, 10, 18, 35, 54.
б) «Ойлан тап» ойыны
Бос торкөзге төмендегі санға бөлінетіндей цифр қою керек.
Бос торкөзге төмендегі санға бөлінетіндей цифр қою керек.
?
Берілгені: 4758967
0, 2, 4, 6, 8
2 – ге бөлінетіндей: 4758967 жауабы:
5 – ке бөлінетіндей: 4758967 жауабы:
0, 5
0
10 – ға бөлінетіндей: 4758967 жауабы:
3 – ке бөлінетіндей: 4758967 жауабы:
2, 5, 8
8
9 – ға бөлінетіндей: 4758967 жауабы:
в) Топтық тапсырма (постермен жұмыс) (бағдаршам арқылы бағалау) №745(1,2,3)
1 – топқа берілетін постер:
ЕҮОБ ( = ЕКОЕ(54,135) =
Жауабы: ЕҮОБ ( = 24, ЕКОЕ(54,135) =270
2 – топқа берілетін постер:
ЕҮОБ (120; 80) = Жауабы: ЕҮОБ (120; 80) = 40;
ЕКОЕ(38,114) = ЕКОЕ(38,114) =114
3 – топқа берілетін постер:
ЕҮОБ (180; 80) = Жауабы: ЕҮОБ (180; 80) = 20;
ЕКОЕ(150,400) = ЕКОЕ(150,400) =1200
г) Тест (электронды оқулық)
1. Берілген санның ішінен 3 – ке және 5 – ке бөлінетін санды көрсет.
1113; 914; 3040; 7035.
2. 5460 санының ең үлкен жай бөлгішін бабыңдар.
21; 17; 13; 15.
3. 555 пен 275 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін табыңдар.
3; 7; 5; 15.
4. Келесі көбейтінділердің қайсысы 54 санының жай көбейткіштерге жіктелуі болады:
9*6; 2*3*3*3; 2*3*6; 2*3*9.
5. Берілген сандардың ішінен 2 – ге және 5 – ке бөлінетін санды көрсет.
8016; 195; 4050; 1113.
г) Деңгейлік «Бағдаршам» тапсырмалары.
Бағдаршамның қызыл, сары, жасыл түстері бойынша оқушыларға тапсырмалар беріледі.
Қызыл түс – жеңіл, сары түс – қиынырақ, жасыл түс – қиын.
Әр оқушы деңгейіне қарай тапсырмаларды орындап, тақтаға жазады.
Қызыл түс:
1)ЕҮОБ (42; 28) = 14;
2)ЕҮОБ (60; 80) = 20;
3)ЕҮОБ (16; 36) = 4;
4)ЕҮОБ (30; 45) = 15;
5)ЕҮОБ (32; 80) = 16.
|
Сары түс:
1)ЕҮОБ (56;160) = 8;
2)ЕҮОБ (24; 108) = 12;
3)ЕҮОБ (231; 273) = 21;
4)ЕҮОБ (240; 288) = 48;
5)ЕҮОБ (39; 165) = 13.
|
Жасыл түс:
ЕҮОБ (252; 273; 399) = 21
ЕҮОБ (52; 78; 130) = 26;
ЕҮОБ (72; 132; 180) = 12;
ЕҮОБ (45; 120; 210) = 15;
ЕҮОБ (64; 128; 288) = 32.
|
|
Электрондық оқулық
Қосымша тапсырма:
1.2.
|
Сабақтың соңы( 41-45мин)
|
Түртіп алу стратегиясы.
Үлестірме №1 Сәйкестендір:
ЕҮОБ(28; 40)=
|
|
4
|
ЕҮОБ(85; 30)=
|
5
|
|
ЕҮОБ(144; 200)=
|
|
8
|
ЕҮОБ(110; 60)=
|
10
|
|
ЕҮОБ(48; 72)=
|
|
24
|
|
|
Қорытындылау
VI Бағалау
|
Рефлексия: «Мақсат» стратегиясы бойынша стикерге пікірлерін жазады.
Бүгінгі сабақта қандай үш тапсырманы жақсы орындадың?
Келесі сабақта нені жақсартар едіңіз?
Оны қалай орындайсыз?
Оқушылардың сабақ соңындағы көңіл күйін білу үшін алдарына сары дөңгелекше таратылады. Өздері сол дөңгелекке өз көніл күйіне қарай отырып смайликтің суретін салады.
Қуанамын менде, қуанасың сенде.
Қуанамыз бәріміз, шыққан есептерге,- деп сабақты аяқтаймыз.
Оқушының орындаған тапсырмасына қарай бағалау парағы бойынша топ басшыларымен ақылдаса отырып бағаланады.
Қосымша ақпарат
|
|
Қорытындылау
|
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
|
«Ең үлкен ортақ бөлгішті, ең кіші ортақ еселікті қайталауға арналған жаттығулар»
тақырыбына жазылған рефлексивті есеп
|
Мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеттері оқушының білім-біліктері мен жаңа оқу материалын меңгертуді ұйымдастыру және оқыту нәтижелілігін анықтау кезеңдерінен тұрады. Әрбір мұғалім сабаққа даярлық алдында проблемалық міндеттердің шешімін қарастырады. Онда мұғалім жаңа материалды меңгерту үшін оқушының ойлау, қабылдау, сезіну, еске түсіру, сөйлеу қабілеттерін дамыту үшін қандай тапсырмалар мен жаттығулар ұсынған жөн, оқушылардың алған білімдерін бақылап, тексеру үшін қандай практикалық тапсырмалар қолданған дұрыс деген проблемалық сауалдарға жауап іздестіреді. Демек, мұғалім өзін толғандырған осынау мәселелерге жауап алуды алдын ала бағдарлайды. Мұғалім әрбір оқушының ерекшеліктерін ескере отырып, өзінің тұлғалық «Менін» жете түсінуіне көмектеседі. Ол дайын білімдерді жеткізуші емес, балалардың өмірдегі маңызды іскерліктері мен дағдыларын игеруге жетелейтін, бағыт – бағдар беріп отыратын, өзін-өзі тану үдерісінің жетекшісі. Ол балалармен бірге ойланады, жаңалықтар ашады, дауларды шешеді, таңданады, күмәнданады, бірлестік әрекеттерде қызығушылықпен өмірдің ақиқатына көз жеткізеді, сыныпта жағымды жағдай туғызады. Көрнекті психолог Л.С.Выготский: «Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуына ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқуды айтады», - деп тұжырымдайды. Тәжірибе барысында жаңа бағдарламада ұсынылған жеті модульді ықпалдастыра жасалған идеяларды пайдалана отырып, жоспарланған сабағымды өткіздім.
Бұл сабағымның қысқа мерзімді жоспарын жасақтау барысында сабағымның мақсаты – ең үлкен ортақ бөлгішті, ең кіші ортақ еселікті табуға әр түрлі есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.Оқушылардың ойлау қабілеттерін, белсенділігін дамыта отырып, тез ойлап, 7 модульді ықпалдастыра отырып, жақсы нәтижеге жету, қабілеттерін дамыту.
Оқушылардың өзін – өзі тану белсенділігін жетілдіру, математикалық мәдениетке тәрбиелеу болды. Енді осы мақсатқа жету үшін мен алдыма мынадай міндеттерді жоспарладым: ЕҮОБ мен ЕКОЕ –ті ажырата білу, есептер шығаруда нақты ережелерін қолдана білу. Осы сабақтан күтілетін нәтиже: ЕҮОБ мен ЕКОЕ –ті ажырата біледі, есептер шығаруда нақты ережелерін қолдана біледі деп алдым.
Сынып оқушыларын ұйымдастырып, түгендеп алған соң күнделікті әдетімше, егер мұғалім мен оқушы арасында бастапқы қарым-қатынас өте жақсы орнамаса, онда берілетін білім де күмәнді болмақ дегенді ескере отырып, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға тырыстым. Алдымда отырған оқушыларымның көңіл-күйлерін сұрап болған соң оларды ортаға шақырып, сәлемдесу тренингісін өткіздім. Қыстың күні терезеден,
Бізге міне тұр қарап.
Сондай жақсы көңіл-күймен,
Басталады бұл сабақ, - деп шаттық шеңберінде тұрып сабақ басталды.Содан кейін құрылымдалмаған топ құру мақсатында алдарына түстерін ұсынып, жасыл, сары, көк түстер арқылы 3 топқа бөлінеді. Топ басшылары сайланып, топ басшысына бағалау парағы беріледі. Топ басшысы топтың әр мүшесінің жұмысын бағалау парағына белгілеп отырады.
Сабақты бастамас бұрын бағалау критерилерімен де оқушыларды таныстырып өттім. Бағалау критерийлерін былайша құрылымдадым: өз бетімен білім алуы, дербес жұмыс жасауы, жұпта жұмыс жасауы, математикалық білімі, математикалық тілі, бағалауы.
«Ыстық орындық» әдісі: Өткен сабақты қайталап, еске түсіру мақсатында «Ыстық орындық» әдісін пайдалана отырып өткіздім. Бұл кезде оқушыларымның бар білгенін бір-бірінен қалыс қалмай айтуға тырысып жатқаны, бір-бірін тыңдап, сұрақ қойып, өзара білім алмасып, еркін ой бөліскендері, сабақта үлгерімі төмендеу оқушым Ернияздың да бір-екі сөйлеммен өз ойын жеткізгені мені қуантты.
«Көршімде қалай?» әдісі арқылы тақтада үйге берілген есептердің жауаптарымен оқушылар қасында отырған көршісінің дәптерлерін тексереді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |