түлкіге, қаздиған қалпын бұзбаған қаз былай дейді:
- Арыстанға азық етіп беретін артық төліміз жоқ. Егер оған барып, жағынам десең :
Түлкісің аярлыққа бермейтін дес,
Көрейік қанша сенде ақыл мен ес,
Балапан, көжек санын өзің тапшы.
Аяқтары тоқсан төрт, басы отыз бес,- дейді де , үңгірге еніп, есігін таспен бекітіп алады. Түлкі: «Қаз осылай есеп айтып еді, мен шеше алмадым ?» - деп, арыстанның алдына баруға дәті шыдамады. Сонда неше балапан, неше көжек болғанын сен қалай табар едің ?
ах + by = c түріндегі теңдеу екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады,мұндағы а ,b,с – қандай да бір сандар. х және у айнымалылар)
1 қасиет:
Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсы таңбаға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады.
2 қасиет:
Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде, берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады.
Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу алгоритмі:
1) Теңдеулер жүйесіндегі берілген теңдеулердің біреуінен бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу керек (х-ті у арқылы немесе у-ті х арқылы).
2) Табылған өрнекті екінші теңдеудегі осы айнымалының орнына қою керек. Сонда бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу шығады.
3) Шыққан бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешіп, ондағы айнымалының мәнін табу керек.